Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО)
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО) 23.10.2021

Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО)

«Ертіс Медиа» ғимаратының қабырғасында Павлодар облыстық «Кеңес туы» (қазіргі Saryarqa samaly) газетінің тұңғыш редакторы, түркітану мектебінің негізін қалаушы, академик, жазушы Бейсембай Кенжебайұлына арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
photo5449795740772710002.jpg
Салтанатты рәсімге Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, химия ғылымдарының докторы Алтынбек Нухұлы, сондай-ақ Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан академик Бейсенбай Кенжебайұлының ұрпақтары Қайрат Қадырбеков, Жанар Жұмабаева, Әділ Бектұров арнайы қатысты.
photo5449795740772710003.jpg
Бейсембай Кенжебайұлы ғалым, түркітанушы, әдеби сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бөген ауылында туған. 1929 жылы тұңғыш Павлодар округінің «Кеңес туы» атты газетінің негізін қалап, басшылық еткен белгілі публицист, ұйымдастырушы.
photo5449795740772710012.jpg
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы тарихи тұлғаға тағзым ретінде арнайы «тағзым тақтасы» ашылып отырғанын атап өтті.
- Бейсембай Кенжебаев небәрі 25 жасында баспа құралдарын әкеліп, газеттің іргетасын қалады. Тарихта орны бөлек, тау тұлға азамат ретінде қалады. Жеке бастың қамы емес, ұлттық мүддеде еңбек етіп, қазақ халқының айтылмай жатқан дүниелерін Кеңестің қытымыр заманында батыл айта білген. Сол үшін талай таяқ жеді. Қазір қазақ энциклопедиясы саналатын «Абай жолын» алғаш баспадан шығарды. Сол заманда Әуезовтың жолын ашқан осы Бейсенбай Кенжебаев. Айта берсе ерлігі көп. Бүгін тағзым тақтасының ашылуы заңдылық. Тақтаға «тағзым тақта» деп жаздық. Өйткені, осындай ұлы тұлғаға біздер өмір бойы тағзым етуіміз керек, - деді Алтынбек Нухұлы.
photo5449795740772710009.jpg
Бейсенбай Кенжебайұлының ұрпағы химия ғылымдарының докторы Қайрат Қадырбеков аталары ғылымда өз мектебін қалыптастырғанын айтты.
- Бейсенбай атамыз үлкен ғалым. ҚазМУ-де жүрген кезде 42 ғылым кандидатын, 3 ғылым докторын дайындапты. Олардың бәрі елге белгілі жазушы, ғалымдар. Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев, Мырзатай Жолдасбеков деп тізіліп кете береді. Ол кісінің өзінің ұстаздары да мықты болды. Мәскеуде Міржақып, Бейімбеттердің жанында жүрді. Ұлттық рух жолында аянбай жұмыс істеген. Осындай тұлғаға құрмет көрсетіп жатқан сіздерге Бейсенбай Кенжебаевтың оңтүстіктегі ұрпақтарының, жақындарының сәлемін алып келдім. Павлодар өңіріне, бұндай тақтаның ашылуына себепкер болған жандарға алғыс білдіреміз, - деді Қайрат Қадырбеков.
photo5449795740772710005.jpg
Шара соңында жиналған мәртебелі қонақтар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен журналистер тағзым тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Бейсембай Кенжебаев – қазақ әдебиетінің мәселелеріне, қазақ баспасөзінің тарихына арналған іргелі еңбектердің, Абай Құнанбайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жамбыл Жабаев, Мұхамеджан Сералин, Мұхтар Әуезовтердің өмірі мен шығармалары туралы зерттеулердің авторы. Кеңестік кезеңде коммунистік идеологияға орай ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихын Бұхар жыраудан басталады деген жансақ пікірді теріске шығарып, оның Орхон-Енисей жазбаларынан басталатындығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген.
photo5449795740772710006.jpg
Көркем проза және аударма саласында да көп еңбек еткен. 1928 жылы «Асау жүрек» әңгімелер жинағы жарық көрген. Пушкиннің шығармаларының қазақша библиографиялық көрсеткішін жасаған. Көптеген орыс және шетел жазушы-ақындарының шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған. «Ленин» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Оразбек Саяхат
Фото: Есенжол Исабекұлы

Количество показов: 324

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Желіде қазақстандық тойда өнер көрсеткен Дима Биланның видеосы талқыланып жатыр
21:31 28.11.2021  11

Биыл Павлодар облысында жол-көлік оқиғасынан 100-ден астам бала жарақаттанған
20:25 28.11.2021  22

Павлодарда алдағы аптада «Тәуелсіздік - балалар көзімен» көрмесі өтеді
18:38 28.11.2021  37

Әлем елдері Оңтүстік Африкамен байланысты тоқтатты
17:39 28.11.2021  34

Павлодарда ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу ісі талқыланды
16:48 28.11.2021  36

Қостанай жылқысы аламан түріне қосылады
15:29 28.11.2021  42

Павлодарлық оқушылар жемқорлыққа қарсы эссе мен өлең жазып жарысты
14:50 28.11.2021  47

Ғалымдар коронавирусты екі секундта жоятын әдіс ойлап тапты
13:37 28.11.2021  50

Павлодар облысында Covid-19 жұқтырушылар азаюда. Өткен тәуліктің статистикасы
12:41 28.11.2021  51

Ұлттық статистика бюросы әр қазақстандық жылына қанша келі ет жейтінін есептеді
11:34 28.11.2021  80

Ақтоғай ауданындағы Мүткенов ауылында жаңа мешіт ашылды
10:26 28.11.2021  66

Тәңір-Жомарт, Атазаң, Ару-Астана: Еліміздегі ерекше есімдер қандай
09:15 28.11.2021  64

Жексенбіде Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін
08:02 28.11.2021  65

Алғаш елдің Тәуелсіздігі жарияланған ғимарат қазір қандай күйде
20:14 27.11.2021  100

Дәрігер Pfizer вакцинасының қаншалықты тиімді екенін айтты
19:33 27.11.2021  108

Ауыл шаруашылығындағы инвестжобалар арқасында Павлодар облысында 300 жаңа жұмыс орны ашылды
19:12 27.11.2021  97

Есірткі қабылдап, автобус рөліне отырған жүргізуші Павлодарда ұсталды
18:26 27.11.2021  100

Жаңа штаммға «Омикрон» деген атау берілді
18:11 27.11.2021  121

Көкпар ойыны толықтай жасанды серке муляжымен ойналуы мүмкін
17:48 27.11.2021  91

Ғарыштық мониторингпен Павлодар облысында тиімсіз пайдаланылатын жайылымдық жерлер анықталды
17:05 27.11.2021  113

Коронавирус жұқтыру қарқыны бірте-бірте азаюда
16:34 27.11.2021  113

Франция Қазақстанды тағы тас талқан етіп ұтты
16:06 27.11.2021  123

Павлодарда ономастика мамандары өзара жарысты
15:33 27.11.2021  125

«7-20-25». 78 774 өтінім қабылданды
15:05 27.11.2021  118

Бұғатта тұрған 536 миллион доллар Ұлттық банкке қайтарылды
14:42 27.11.2021  138

Павлодар облысының колледж студенттері оқ атудан жарысты
14:13 27.11.2021  160

ӘЧ-2022. Цюрихте өтпелі ойындардың жеребесі тартылды
13:31 27.11.2021  131

Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде түсті
12:36 27.11.2021  148

Павлодардағы алғашқы ХҚКО қызметіне 15 жыл толды
12:22 27.11.2021  127

Жазушы Павлодар ауруханаларының біріндегі науқастардың көңілдерін сұрап, кітап сыйлады
11:25 27.11.2021  178

Шетелдік интернет-компаниялардың қызметіне «цифрлық салық» енгізіледі
11:04 27.11.2021  135

Павлодар облысы бес айдан кейін қызыл аймақтан шықты
10:54 27.11.2021  123

«Сен сияқтылар ешкімге керек емес»: жетімдер туралы жаңа веб-сериал шықты
10:37 27.11.2021  149

Павлодарда 70-тен асқан футболшы салауатты өмір салтын насихаттап жүр
10:07 27.11.2021  262

Павлодарда сотталғандарға аспаздық мастер-класс көрсетілді
09:08 27.11.2021  143

«Спутник V» вакцинасы әлемдік препараттар арасында ең жақсы нәтиже көрсетті
08:35 27.11.2021  133

Павлодар облысында қар жауады
08:05 27.11.2021  142

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Бір миллиард желге ұшты ма? Жеңімпаз айтыскерге 2 миллион теңге беріледі. Диффeренциалды тариф шегерілді
21:08 26.11.2021  186

Ертіс ауданында аймақаралық балалар байқауы өтті
20:31 26.11.2021  182

Павлодарда «Супер келін» анықталды
20:07 26.11.2021  166

Павлодарда көктайғақтың салдарынан автокран жыраға түсіп кетті
19:25 26.11.2021  163

Ғалым: Павлодар жерінде өмір сүрген Сұлтанбет сұлтанның 20 мың жылқысы болған
19:05 26.11.2021  179

Головкин орта салмақтың патшасы атанды
18:29 26.11.2021  172

Аққулы ауданында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орган жоспардан тыс азық-түлік дүкенін тексерген
18:06 26.11.2021  183

«Қазақ тілі» қоғамының Орталық кеңесінің жаңа құрамына 47 адам сайланды
17:27 26.11.2021  185

Павлодарда археологиялық заттары табылған Қимақ хандығының тарихы талқыланды
17:07 26.11.2021  273

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық жігіт туыстарын іздестіруде
16:29 26.11.2021  184

Қала әкімі Павлодарда қар тазалау жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын тексерді
16:05 26.11.2021  181

Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды
15:26 26.11.2021  189

Республикалық «Ділмар» байқауында павлодарлық ару топ жарды
15:05 26.11.2021  213

2022 жылы дәрігерлердің жалақысын көтеруге 361 млрд теңге қаржы бөлінеді
14:28 26.11.2021  181

Бірқатар адамға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
13:12 26.11.2021  236

Месси Марадонаның өлімі туралы пікір білдірді
12:45 26.11.2021  186

Павлодар облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға нақты қадам жасалынуда
12:28 26.11.2021  202

Вакцинация паспорттарын сатқан медбике Павлодарда құрықталды
12:04 26.11.2021  200

Еліміздің қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткендерге арналған кеш өтті
11:51 26.11.2021  193

Павлодарда жастар белгілі суретшімен кездесті
11:36 26.11.2021  254

Ақсуда тәтті сүйгіш ұры ұсталды
11:14 26.11.2021  221

Алдағы күндері Павлодар облысының шалғайдағы ауылы таза ауыз суға қосылады
10:45 26.11.2021  197

Павлодарда гуманитарлық ғылымдардың бүгіні мен болашағы талқыланды
10:18 26.11.2021  232