Павлодарлық балалар жазда Ақтауға саяхатқа апарған қордың өкілдерімен қайта кездесті
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
Павлодарлық балалар жазда Ақтауға саяхатқа апарған қордың өкілдерімен қайта кездесті 23.09.2022

Павлодарлық балалар жазда Ақтауға саяхатқа апарған қордың өкілдерімен қайта кездесті

Қор өкілдері балалардың жағдайын білу үшін Павлодарға келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Еске салайық, тамыз айында облыстағы балалар үйлерінің 35 тәрбиеленушісі Ақтау қаласына экскурсиялық саяхатқа барды.

Балалар Бозжыра шатқалына барып, Ақтау қаласының көрікті жерлерімен танысты, Каспий теңізіне шомылып, қайықпен серуендеді. Сондай-ақ, мұражайларға, театрларға барып, шахмат, бекіре, баскетбол, стретчинг және тағы басқа шеберлік сағаттарына қатысты.
DSC00050.JPG
Саяхатты «СОЮЗ ЖАСА» әлеуметтік қоры ұйымдастырған болатын. Бүгін қор өкілдері Кенжекөл ауылындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінде саяхатқа барған балалармен қайта жолықты.

Балалар әлеуметтік серіктестерін концерттік бағдарламамен, естелік сыйлықтармен қарсы алды.

«СОЮЗ ЖАСА» әлеуметтік қорының негізін қалаушы әрі жетекшісі Денис Лупанчук қордың қаңтар оқиғасынан кейін құрылғанын атап өтті.

- Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда адамдар супермаркеттерді тонап, қиратқан кезде Қазақстанда тұрмайтын достарымызбен хабарласып, ойланып, қоғамның санасын өзгертуді ұйғардық. Жағдайды өзгерту үшін қор құрып, ерекше жобалар ойлап табу керек болды. Мұндай жағдай қайталанбау үшін адамдардың патриоттық сезімін көтеру керек. Оны біз балалардан бастадық. Ең әлсіз топ - балалар және ондай сезімдердің бәрі бала кезде қалыптасады, - деді Денис Лупанчук.
DSC00026.JPG
Қор өкілдері балаларға саяхат арқылы көмектесуді ұйғарған. Сапар барысында балалар Қазақстанның керемет жерлерімен, қызықты адамдармен, мықты кәсіпкерлермен танысады.

- Осы мықты адамдар, кәсіпкерлер балаларға шеберлік сабақтар ұйымдастырады. Сонда балалар шынымен бізде мықты ел, мықты адамдар бар екен ғой деген әсерде қалады. Біздің жобаларымыз тек балаларға арналған. Бұған дейін Солтүстік Қазақстаннан Алматыға балаларды апардық, - деді Денис Лупанчук.
DSC00155.JPG
Денис Лупанчуктің айтуынша, бір баланың өзі саяхаттан келген соң жеке тұлға болып өзгеріп, Қазақстанға көмектесетін, бар қабілетін арнайтын адамға айналса, қор мақсатына жеткен болып саналады.

- Ақтауға саяхат кезінде балалар түгіл өзіміз де қобалжыдық. Басында танысып, кейін бір отбасы сияқты болып кеттік. Қимай қоштастық. Бүгін біз балаларды қайта көргіміз келді. Өйткені саяхаттан кейін олармен хабарласып тұрдық. Әрі саяхаттан кейін балалар қалай өзгергенін, қалай әсер еткенін көру мақсат болды. Біз дұрыс бағыттамыз ба соны көргім келді. Байқағаным - балалардың көздерінде оты бар, әлі әсермен жүр. Бұл өте жақсы, - деді Денис Лупанчук.

Мұндай саяхаттарды қордың өкілдері қаржыландырады. Сондай-ақ негізгі екі меценат пен компаниялар көмектесіп тұрады.

- Мысалы, Ақтауға барғанда «Tree of life» қонақ үй кешені жатар орын, тамақ пен көлік берді. Ол кешенінің аумағында бассейн мен аквапарк бар. Тамаша қонақ үй. Компанияларға осындай жобаға қатысуды ұсынсаң, бәрі келіседі, - деді Денис Лупанчук.
DSC00123.JPG
Бүгінгі кездесу барысында қор өкілдері тарапынан қаржылық сауаттылық, кәсіби бағдар, жеке тұлғалық өсу мәселелері бойынша шеберлік сағаттарын өткізу қарастырылған.

Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша балалармен сұхбаттасу, дастархан басында талқылау және естелік сыйлықтар тапсыру жоспарланған.

Фото: Ризат Рахымжанов

Количество показов: 240

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Жаңалықтар тізбегі

Екібастұзда тұрғындардың үйлеріне дейін жылытқыштар жеткізілуде
18:13 30.11.2022  

Екібастұзда электр энергиясын заңсыз сату фактісі анықталды
17:21 30.11.2022  36

Екібастұздағы апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бірнеше департамент жүргізеді
17:09 30.11.2022  41

Екібастұзда өткен түнде қанша үйге жылу берілді
15:36 30.11.2022  25

Екібастұзда электр энергиясы үшін төлемді қайта есептеу механизмі қарастырылады
15:12 30.11.2022  23

Төтенше жағдайдан зардап шеккен екібастұздықтардың шығындары өтелетін болады
14:32 30.11.2022  40

Екібастұзда кешке дейін 17 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріледі
13:26 30.11.2022  47

Депутат магистраль желілерін жаңғыртуға бөлінген қаражатты тексеруді сұрады
13:08 30.11.2022  46

Екібастұздағы жылыту орындары бір уақытта төрт мың адам қабылдай алады
12:10 30.11.2022  51

Павлодар колониясының қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін бас бостандығынан айырылды
11:40 30.11.2022  55

Павлодарда құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің жертөлесінде қоқыс өртенді
11:09 30.11.2022  74

Екібастұзда үй өртенді (ВИДЕО)
10:41 30.11.2022  65

Екібастұзда негізгі магистраль қалпына келтірілуде
10:18 30.11.2022  64

Усолкадағы экосаябақта жыл бойы істейтін ана мен бала бөлмесі және әжетхана болады
09:42 30.11.2022  73

Қатар-2022: Иранды жеңген АҚШ плей-офқа жолдама алды
09:11 30.11.2022  56

Аяз: Павлодарда оқушылар онлайн форматта оқиды
08:25 30.11.2022  67

Сәрсенбі күні Павлодар облысында -25 градус аяз болады
08:02 30.11.2022  68

ҚР Премьер-Министрдің орынбасары: «Кінәлілер қатаң жазаланады»
02:04 30.11.2022  81

Жұманғарин Екібастұз тұрғындарына: Барлық шығын өтеледі
01:47 30.11.2022  106

Екібастұздағы апатпен күресіп жүрген бригадалар санын арттыру керек
01:21 30.11.2022  115

Екібастұзға Премьер-Министрдің орынбасары мен төтенше жағдайлар министрі келді
23:55 29.11.2022  103

Екібастұзда тікелей эфир кезінде түкірген мәжілісмен айыппұл арқалады
21:39 29.11.2022  104

Екібастұзда жылусыз қалған үйлердің саны артты
21:02 29.11.2022  101

Екібастұздағы жағдай реттелгенге дейін оқушылар мен студенттер онлайн оқиды
20:45 29.11.2022  111

Павлодарда «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» білім грантына байқау жарияланды
20:14 29.11.2022  99

Павлодар - Абай облыстарына қатынайтын автожол жабық
19:46 29.11.2022  93

Павлодарда гаражда тұрған BMW өртенді
19:03 29.11.2022  99

Антимонополистер: Тарифті көтеру Екібастұзды жылумен қамту мәселесін шешпейді
18:41 29.11.2022  92

Екібастұзда жұмысшыларға арналған шағын қонақ үй ашылды
18:03 29.11.2022  108

Павлодарлықтар көлік картасын қайдан ала алады
17:34 29.11.2022  104

Павлодарда көше ортасында автобус пен төрт көлік соқтығысты
17:08 29.11.2022  113

Павлодарда қиын жағдайға ұшыраған екібастұздықтарды асханаға тегін ас ішуге шақырады
16:32 29.11.2022  107

Энергетиктер екібастұздықтарды электр желісін үнемдеуге шақырды
16:10 29.11.2022  106

«Қазақстан Қызыл Жарты Айы» ұйымы екібастұздықтарға көмек жинауда
15:36 29.11.2022  109

Екібастұздың алты көшесіне су жеткізіледі
15:08 29.11.2022  97

ТЖ режимі: Екібастұзда шығынға ұшыраған азаматтардың өтініштерін қабылдауда
14:45 29.11.2022  165

Еріктілер екібастұздықтарға қандай көмек көрсетуде
14:04 29.11.2022  128

Екібастұздағы жылу жүйелері бұзылған 25 үйдің әрқайсына бригадалар бөлінді
13:31 29.11.2022  125

Тамара Дүйсенова: Зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендету мәселесін жұмыс тобында қараймыз
13:12 29.11.2022  139

Павлодар облысының республикалық маңызы бар тасжолдарында проекциялық жолақтар пайда болды (ВИДЕО)
12:33 29.11.2022  123

Екібастұзға қолдау: Павлодар облысының тұрғындары бір ай интернетті тегін пайдаланады
12:05 29.11.2022  170

Павлодарда еріктілер пәтері жанып кеткен отбасыға көмек жинауда
11:38 29.11.2022  125

Екібастұзда жүзден астам үй жылу қабылдай алмай отыр
11:09 29.11.2022  165

Үкімет Екібастұздағы жағдайға байланысты барлық өңірдегі энергетикалық нысандарды тексеруді тапсырды
10:37 29.11.2022  137

Екібастұзда жылу желілеріндегі апатты жоюға Павлодардан тәжірибелі мамандар келді
10:04 29.11.2022  156

Павлодарда «Мен өліп жатқанда» сатиралық комедиясының премьерасы өтті (ФОТО)
09:28 29.11.2022  163

Павлодарлық санитарлық дәрігерлер үй кондитерлік өнімдерінің қауіптілігін ескертеді
09:07 29.11.2022  128

Қатар-2022: А тобында жарысты қай құрама жалғастырады
08:40 29.11.2022  127

29 қараша күні Павлодар облысында аяз сақталады
08:01 29.11.2022  142

Павлодарда бірінші ауысым оқушылары аязға байланысты қашықтықтан оқиды
07:39 29.11.2022  156

Павлодарлық полицейлер Қызыл кітапқа енген құсты құтқарды
22:49 28.11.2022  154

Екібастұздағы апатты жоюға атсалысқан жұмыскерлер марапатталады
22:18 28.11.2022  172

Ертең де Екібастұз қаласында оқу онлайн форматта өтеді
21:45 28.11.2022  152

Аманаттықтар Екібастұз қаласының тұрғындарына мыңнан астам жылытқыш жіберді
21:05 28.11.2022  148

Екібастұзда су құбырларын жөндейтін онға жуық мекен-жай қалды
20:31 28.11.2022  155

Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды
20:07 28.11.2022  187

Павлодар облысында мамандар сыбайлас жемқорлық орын алуы мүмкін салаларды анықтады
19:37 28.11.2022  210

Павлодарлық полицейлер тұрғылықты жері жоқ адамдарды ерекше бақылауға алды
19:11 28.11.2022  165

Павлодар облысына Экология, геология және табиғи ресурстар министрі келеді
18:35 28.11.2022  157

Үздік күйшіге 1 млн теңге беріледі
18:07 28.11.2022  159