Павлодарлық медресе колледжінің ұстазы Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодарлық медресе колледжінің ұстазы Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді 07.04.2022

Павлодарлық медресе колледжінің ұстазы Ораза кезінде жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Агенттігіміздің Instagram желісіндегі @qaz.pavlodarnews.kz парақшасында өткен тікелей эфирде «Әбу Бәкір Сыддық медресе колледжінің» ұстазы Нұрсұлтан Қуатұлы Мамраев сұрақтарға жауап берді.

Назарларыңызға эфир барысында қойылған сұрақтар мен жауаптарын ұсынамыз.

Қазір коронавирусқа қарсы вакцина алып жатқандар бар, ревакцинация да жүруде. Ораза кезінде вакцина алуға бола ма? Одан бөлек, система алуға бола ма?

Ғалымдар екпені екіге бөліп қарастырады. Адамға күш-қуат беретін, нәр беретін екпе оразаны бұзады. Еш нәр бермейтін, тек бұлшықетке, терінің астына егілетін екпелерді қабылдауға болады. Ал, система адамға қорек болатындықтан, күш беретіндіктен, оны салуға болмайды. Системаны ауыз ашардан кейін алған жөн.

Ораза кезінде түрлі анализдер тапсыруға бола ма? Рамазанда қан алдыруға рұқсат па?

Анализ де, қан да тапсыруға болады. Себебі, бұл - ішке кіріп жатқан жоқ, сыртқа шығып жатқан дүние. Шариғатымыздағы қағида бойынша ораза ішке кірген нәрселерден бұзылады, сыртқа шыққандардан бұзылмайды.

Ораза кезінде тіс жұлдыруға бола ма?

Тіс жұлдыруға болады. Бірақ шарттарын сақтау керек. Ішке қан кетіп қалмауы тиіс. Яғни, жұтып қоймау керек. Егер жұтып қойса, кейін қазасын өтейді.

Ораза кезінде күндіз тіс жууға бола ма?

Ғалымдар тіс пастасымен жууға кеңес бермейді. Бүгінгі күні тіс пастасының құрамында көптеген нәрселер бар. Ерімелі заттар бар. Олардың әрә қарай кетіп қалу қаупі бар. Ал, оның орнына ағаштан жасалған мисуакпен тазалаған абзалырақ болады.

Науқас адам оразада не істейді? Қандай науқастар ораза ұстамаса болады?

Науқас және сапардағы адамдар аузын ашуына болады. Кейін қазасын өтейді. Сондай-ақ айықпайтын ауруға шалдыққандар болады. Қант ауруы, қан қысымы деген сияқты ауруы барлар дәрігерлермен жақсылап кеңесу керек. Бұл кісілер ораза ұстай алмайды. Олар фидия береді. Яғни, бір міскінді тойдырады. ҚМДБ бекіткен фидиф мөлшері – бір күнге 3 мың теңге. Егде жастағы және ораза ұстауға қауқары жоқ қарт адамдар да фидия береді.

Ал, қалған адамдар фидия бермейді. Яғни, уақытша аурып қалғандар, ем қабылдап жүргендер, бала емізіп жүргендер денсаулығы қалпына келген соң қазасын өтейді.

Ашуланған, харамға қарап қойған адамның оразасы бұзыла ма?

Ғалымдар оразаны бүкіл тәнге, ағза мүшесіне ұстату керектігін айтады. Құлағымызды, тілімізді, көзімізді сақтап, олармен күнә жасамау керекпіз. Дегенмен, бұлар оразаны бұзбайды. Бірақ оразаның сауабы азаяды.

Пітір садақаны мешітке емес, мұқтаж адамдарға беруге бола ма?

Менің ойымша, бір үйде 5 адам болса, қазіргі кезде бәрі бірігіп 2500 тг ғана пітір садақасын береді. Онымен ол адамның мұқтаждығын өтей алмайды. Ал, мешітке берсе, көп адам жиналған кезде мұқтаж адамдарға көмек болып беріледі.

Оразаны кеш бастаса бола ма? Жіберіп алған күндері не болады?

Мұндай жағдайда Оразаны жалғастырып кетуге болады. Білмей қалып, ұстасам ба, ұстамасам ба деп екіойлы болып жүріп қалғандар кешігіп болса да аузын бекітуге болады. Ол кісі қалған күндерінің қазасын өтейді.

Оразада қалай тамақтану керек? Бұл айда дұрыс тамақтанудың жолы бар ма?

Адам күні бойы аш жүргендіктен ауыз ашарда асқазанға бірден ауыр тамақтар жүктемеген жөн. Бұл денсаулыққа кері әсер етеді. Медицина мамандары, ғалымдар қуырылған, майлы тамақтар жемеуге кеңес береді.

Бұл ретте, бидай, талқан, жент деген күш беретін, құрамында пайдалы заттары бар тамақ тұтынған дұрыс. Барынша тоқшылықты сақтайды. Сонымен қатар, газды сусын пайдаланбаған жөн. Қарын аш кезде газды сусын пайдалану асқазанға зиян.

Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма? Яғни, сәресі мен ауызашар дұғаларын арабша айту шарт па?

Арабша айту міндет емес. Жалпы, дұғаны кез келген ұлт өз тілінде айта алады. Өйткені Алла естуші, білуші. Сізді естиді. «Раббым бір өзіңнің ризашылығың үшін ауыз бекітуге ниет еттім» десе де жеткілікті.

Тарауық намазын тек ораза ұстағандар ғана оқи ма?

Ондай шарт жоқ. Керісінше осындай қасиетті айды пайдаланып қалу керек. Сауабы көп амал. «Тарауықта оқылған 2 ракағат намаз басқа күндері оқылған мың ракағаттан қайырлы» дейді ғалымдар. «Рамазанға жетіп тарауық намазын оқыса, бүкіл өткен күнәлары кешіріледі» дейді. Ал тарауық намазына барған адам сауабын алады.

Кейбір ауызашарға шақырсаң, «ораза ұстамадым» деп келмей жататындар болады. Жалпы ауыз ашарға міндетті түрде ауыз бекіткендер бару керек па?

Әрине, аты айтып тұрғандай аузы берік адамның аузын аштырасыз. Бірақ екінші қырын алатын болсақ, еріп келген, белгілі себептермен ораза ұстай алмай қалғандар болады. Ол кісілерді неге тыямыз?! Сол жерге келу арқылы, сол жердегі әңгіме, уағыз-насихатты тыңдап, ораза ұстап кетуі мүмкін.

Ауыз берік кезде моншаға түсуге бола ма?

Моншаға түсу дұрыс емес. Моншада бу болады. Сол бу белгілі молекулалардан тұратындықтан ішке су боп кіреді. Ал енді, душқа, өзенге, көлге шомылуға болады. Бірақ ауызға, мұрынға су кіріп кетпеу керек. Байқамай кіріп кетсе, қазасын өтейді.

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Ғалымдардың айтуынша, түтінді әдейілеп жұту оразаны бұзады. Ал, енді зауыт, фабриканың жанынан өтесіз, ол жерде сақтана алмайсыз, сол сияқты мәжбүр болып түтін ортасында болса, ораза бұзылмайды.

Ораза тұтпай, қазасын да өтемей, оның орнына фидия беруге бола ма?

Бұған рұқсат етпейді. Мүмкіншілігі бар, дені сау, ақыл-есі дұрыс адамға ораза парыз. Олар фидия бере алмайды. Айықпайтын ауруға шалдықса, қартайса ғана фидия береді. Сол сияқты ораза ұстаған адам саналы түрде біліп тұрып су ішіп, тамақ жеп аузын ашып қойса, 60 күн үзбей ораза ұстауы тиіс.

Оразаны диета ретінде қарастырса, арықтау мақсатында ұстаса қабыл бола ма?

Қабыл болу-болмауын Аллаға қалдырамыз. Бірақ біз сыртқы әрекетіне қарап үкім етеміз. «Амалдар ниетке байланысты» дейді. Ниетіне қарай сауап жазылады. 5 парыздың бірі ретінде оразаны бекітті. Сондықтан сол парыз ретінде ұстау керек. Олай ниеттену дұрыс емес.

Шәууәл айының 6 күндік оразасы туралы айтып өтсеңіз.

Пайғамбармыз с.ғ.с: «Шәууәл айында 6 күндік оразаны қатарынан ұстаса 1 жылдық ораза ұстағандай сауап жазылады» дейді. Ғалымдар бөліп ұстаса да болатындығын айтады. Яғни, Рамазаннан кейінгі 30 күннің ішінде бөліп ұстауына болады.

Ораза кімдерге міндет? 12 мүшесі саулардың бәрінің мойнына жүктелген бе?

Оразаны балиғат жасына толған ақыл-есі дұрыс адамдардың бәрі ұстауы тиіс. Оразаның парыз екенін біліп тұрып, ораза ұстамаған адамға күнә жазылады. Өйткені бұл - Алланың алдындағы парыздардың бірі.

Количество показов: 3185

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар колониясында соңғы қоңырау соғылды
21:14 28.05.2022  37

Павлодарда Испаниядан оралған науқасты ауруханаға жатқызу бойынша оқу-жаттығу өтті
20:11 28.05.2022  47

Қазақстанда «Kids Go Free» жобасы қалай жұмыс істейді
19:35 28.05.2022  49

Тағы біреуі көз жұмды: Павлодар облыстық полиция департаменті улануға қатысты оқиғаның мәнжайын айтты
18:38 28.05.2022  85

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
18:04 28.05.2022  66

Павлодар қаласының әкімі жағалаудың қалай өзгеретінін көрсетті (ВИДЕО)
17:31 28.05.2022  67

Ертіс ауданында уланып қалған төрт адам қайтыс болды
17:09 28.05.2022  76

Ақсу ауылдық аймағында құрғақ шөп жанды (ВИДЕО)
16:02 28.05.2022  70

Павлодарда Ертістің сол жағалауында қансорғыштарды улау жалғасуда
15:08 28.05.2022  78

Павлодарда сұр-жасыл түсті зат алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
14:42 28.05.2022  99

Павлодарда ескі үйден мылтықтар мен мыңға жуық оқ табылды
14:15 28.05.2022  87

Павлодар облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ай сайын қабылдау өткізеді
13:11 28.05.2022  99

Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің болжамын жасады
12:13 28.05.2022  106

Өскемендік зейнеткер қонақта отырып павлодарлықтың атынан млн теңге несие алған
11:11 28.05.2022  105

Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды
10:10 28.05.2022  112

Павлодарда қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алды
09:13 28.05.2022  204

Бразилияға аштық қаупі төнді
08:45 28.05.2022  120

28 мамырда Павлодарда күндіз жаңбыр жауады
08:02 28.05.2022  124

Павлодарда армандар тақтасы пайда болды
22:07 27.05.2022  186

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Көмірлі өлкенің күрмеуі көп. Рәміздерде елдің жігері бар.
21:31 27.05.2022  184

Павлодар облысындағы колледждердің алты студенті «ITeachMe» жастар инклюзивті лагеріне қатысады
21:08 27.05.2022  175

Павлодар облысында жемқорлықпен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
20:39 27.05.2022  216

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ
20:04 27.05.2022  191

Павлодар облысында мәдениет журналы шығып тұрады
19:30 27.05.2022  204

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды
19:02 27.05.2022  199

Екібастұзда мамықтың кесірінен дүкеннің төбесі жанып кетті (ВИДЕО)
18:21 27.05.2022  196

«Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын»: Павлодар облысында мәдениет қызметкерлері марапатталды
18:01 27.05.2022  202

Кенжекөлде көпір жаққа кеткен адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр
17:42 27.05.2022  207

Қазақстандықтар бір күнде ең кемі 2,2 доллар жұмсайды
17:36 27.05.2022  192

Павлодарда қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге қатысты өзгеріс енгізілді
17:05 27.05.2022  219

Екібастұзда оқушылар мерейтойға орай ертегілер жинағын шығарды
16:45 27.05.2022  209

Демалыс күндері солтүстікте 2 градус үсік күтіледі
16:16 27.05.2022  205

Павлодарда 150 аулаға балалар алаңын орнату жоспарлануда
15:43 27.05.2022  203

Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
15:02 27.05.2022  205

Павлодарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі туралы айтылды
14:26 27.05.2022  236

Павлодарда қыс жылы өткендіктен су мен жылу құбырларында апат аз болды
13:31 27.05.2022  236

Қазақстан ғалымдары артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
13:03 27.05.2022  215

Павлодар облысында меценаттар мен демеушілер 500-ден астам балаға жолдама сыйлайды
12:32 27.05.2022  214

Павлодарда «Ertis Рromenade» маусымының ашылуына Қайрат Нұртас келеді
12:07 27.05.2022  246

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты (ВИДЕО)
11:25 27.05.2022  302

Успен ауданында егіз бұзаудың біреуін ұрлаған бақташыға қатысты сот үкімі шықты
11:04 27.05.2022  231

Жылап тұрды: Павлодарда өзенге шыққан бала табылды (ВИДЕО)
10:36 27.05.2022  253

Павлодарда гүлзарлардың ауданы екі есеге артты (ВИДЕО)
10:03 27.05.2022  261

Таң атқанша ұйқы жоқ! Павлодарда би кешін ұйымдастырған жастар жазаланды
09:36 27.05.2022  244

Павлодарда экологтар қоқыс полигонынан шыққан өртке қатысты тексеріс жүргізді (ВИДЕО)
09:03 27.05.2022  254

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
08:34 27.05.2022  280

27 мамырда Павлодарда жел күшейеді
08:02 27.05.2022  269

Облыс әкімі Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарын қорытындылады (ВИДЕО)
23:22 26.05.2022  262

Павлодарда арнайы балабақшалар ата-аналар үшін диалог алаңдарын өткізеді
21:34 26.05.2022  283

Павлодар облысында «шаффл- Party» өтеді
21:07 26.05.2022  292

Павлодарда 28 мамыр күні кезекті ауыл шаруақылық жәрмеңкесі өтеді
20:38 26.05.2022  324

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады
20:07 26.05.2022  360

Павлодардың оңтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
20:06 26.05.2022  309

Тереңкөлде малшының қараусыз қалған жер телімі тәркіленді
19:33 26.05.2022  303

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы көпқабатты үйдің терезесінен құлаған баланың жағдайымен танысты
19:11 26.05.2022  324

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы ең түйткілді мәселелерге тоқталды
18:20 26.05.2022  291

Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті
18:01 26.05.2022  287

Баянауылда ауылдастарымен жанжалдасқан әкімі қатаң сөгіс алды
17:20 26.05.2022  311

Екібастұзда «Ерекше үйге» ешбір қауіп төнбейді
17:02 26.05.2022  294

Павлодардың солтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
16:28 26.05.2022  314