Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі биыл облыста өткен басты оқиғаларды оқырмандармен бірге еске алуды ұсынады.
" /> Павлодарлықтар үшін 2021 жыл несімен есте қалды?
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодарлықтар үшін 2021 жыл несімен есте қалды? 27.12.2021

Павлодарлықтар үшін 2021 жыл несімен есте қалды?

Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі биыл облыста өткен басты оқиғаларды оқырмандармен бірге еске алуды ұсынады.
insta-imanbekmusic.jpg
Жыл музыканты – Иманбек Зейкенов. Бұрынғы теміржол жұмыскері Иманбек әлемді дүр сілкіндіріп, «Грэмми» премиясын ұтып алды. Бұл туралы жаңалық 14 наурызда шықты. Әрі қарай диджей әрі продюсер облыс басшылығы тарапынан әртүрлі марапатқа ие болып, 2 000 000 теңге көліміндегі сыйақыға ие болды. Бұл қаражатты мәрт Иманбек қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрді. Оған қоса ақсулық диджей биыл Ресейдегі Жыл музыканты атанды.
baihan i bardak na ulicah Pvldar 1.jpg
Жыл әкімі – Асайын Байханов. Биыл ғана Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымын қалдырып, облыс орталығының әкімі болып ауысқан Асайын Байханов жұмысқа бірден белсенді кірісіп кетті. Жұмысын жазда бастаған ол бірінші кезекте шыбын-шіркеймен күрескенімен есте қалды. Оның нәтижесін әртүрлі бағамдауға болады. Дегенмен, әкімнің маса күшейетін шақта түнде Ертіс жағалауын аралап жүруін ерлік демеске болмайды.
temirjanov-temirzhanov.jpg
Жыл спортшысы – Серік Теміржанов. Ертіс ауданының тумасы 2021 жылы ең ірі екі жарысқа қатысып үлгерді: Олимпиада және әлем чемпионаты. Токиода боксшымыз 1/8 финалда америкалық Дюк Рэганға есе жіберді. Күзде Сербияда өткен әлем біріншілігінде Серік финалға дейін жетіп, онда да америкалық боксшыға ұтылды. Осы жолы алтынның жолын кескен Джамал Харви болды. Дегенмен, Серік Теміржанов облыс тарихында мұндай жетістікке жеткен тұңғыш боксшы атанды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Серіктің бұл еңбегін бағалап, былғары қолғап шеберіне пәтер кілттерін табыстады. 
urozhay-egin-astiq-nan-biday-combine-kombayn-ertis-awdani-zhatva-uborka.jpg
Жыл миллионы – күзгі жиын-терім. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Павлодар облысы тағы бір айтулы жетістікке қол жеткізді – өңіріміз Қазақстан тәуелсіз атанғалы тұңғыш рет миллион тонна егін жинады. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов осы орайда шаруалардың ерекше еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді. Жалпы, агросаладағы жалпы өнім көлемінен облысымыз 2021 жылы елімізде бірінші орынға шықты. 
67f79c64-e70e-4416-a479-6e2f6b7b3bc6.jpg
Жыл командасы – «Ақсу» футбол клубы. Былтыр ғана Қазақстанның Екінші лигасында ойнайтын команда. 2021 жылдың қорытындылары бойынша еліміздің ең жоғарғы дивизионы – Премьер-лигада ойнауға мүмкіндік алды. Осы арқылы Павлодар облысына үлкен футболды қайтару міндеті орындалды. Ұжымда доп тебетін футболшылардың 90 проценті – жергілікті жігіттер. 
miras-turlibek-qaz.jpeg
Жыл футболшысы – Мирас Тұрлыбек. Жыл командасы - «Ақсудың» шабуылшысы Бірінші лиганың үздік футболшысы атанды. 20 жасар Мирас Бірінші лигада 21 гол соғып үздік сұрмерген атанды. Оған қоса, форвард биыл Қазақстан жастар құрамасында тұңғыш матч өткізді. Жас бомбардир 2022 жылы да қарсылас қақпаларын дәл көздейді деп сенеміз.
үстел теннисі.jpg
Жыл құрылысы – «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығы. 2021 жылы Павлодарда барлық халықаралық стандарттарға сай мамандандырылған үстел теннисі орталығы ашылды. Орталық екі қабатты 720 шаршы метрлік әкімшілік ғимараты мен 1780 шаршы метрлік ойын залынан тұрады. Спортшыларға 12 үстел жайылған. «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығы «Баянтау» спорт кешенінің жанында орналасқан. Ірі еуропалық компаниясы «Astron buildings» құрал-жабдықтарынан салынды. Жоба құны 1,2 млрд теңге.
ae679a1af6a2b766c35353003ac9e9be.jpeg
Жыл айтыскері – Аспанбек Шұғатаев. Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты  облыстық ақындар айтысының жеңімпазы бас жүлдесін ұтып, қанжығасына 2 000 000 теңгені байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов құттықтады.
80c0997829be23f3a9c525988a5bc5f0.jpg
Жыл кәсіпорны – «ЭКОпром Павлодар» ЖШС. Аталмыш кәсіпорын «Алтын сапа» конкурсында «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын» номинациясында «ІСКЕР» премиясын ұтып алды. Аталған компания металдан бұйым жасаумен айналысады. Оған қоса Павлодарлық «ERG Service» «Парыз» премиясының лауреаты атанды. 
nuhuly-nuhuli1.jpg
Жыл сенаторы – Алтынбек Нұхұлы. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ақпарат агенттігі жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Жыл адамы – 2021» таңдаулысы атанды. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, сенатор Алтынбек Нухұлы биылғы жылы Үкімет басшысы атына депутаттық сауал жолдап, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына лайықты деңгейде өткізу керектігін айтқан.
77f30d9a-0a03-48a2-99f7-58f721617f16.jpg
Жыл жүлдесі – «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысы. Биыл облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың бастамасымен білім мен ғылым, өнер, спорт саласында, жалпы ерекше қабілеттерімен, үлгі тұтарлық қылықтарымен танылған оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын тағайындады. 2021 жылы 145850 теңге сомасындағы премия 300 балаға табыс етілді. 
photo5278403400083552182.jpg
Жыл форумы – «Мен сенемін» республикалық форумы. Екі күндік форум бүкіл Қазақстаннан еріктілерді жинады. Жиын барысында қазақстандық волонтерлер мен республикалық қайырымдылық конкурстарының қорытындысы шығарылады. Сол кезде «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасының «Ең мейірімді...» республикалық байқауының қорытындылары бойынша өңіріміз «Ең мейірімді облыс» атағын иемденді.

Айбек Жұматов

Количество показов: 9633

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар колониясында соңғы қоңырау соғылды
21:14 28.05.2022  37

Павлодарда Испаниядан оралған науқасты ауруханаға жатқызу бойынша оқу-жаттығу өтті
20:11 28.05.2022  47

Қазақстанда «Kids Go Free» жобасы қалай жұмыс істейді
19:35 28.05.2022  49

Тағы біреуі көз жұмды: Павлодар облыстық полиция департаменті улануға қатысты оқиғаның мәнжайын айтты
18:38 28.05.2022  85

Павлодар облысында 10 тонна өсімдік майы тиелген тіркеме жанып кетті
18:04 28.05.2022  66

Павлодар қаласының әкімі жағалаудың қалай өзгеретінін көрсетті (ВИДЕО)
17:31 28.05.2022  67

Ертіс ауданында уланып қалған төрт адам қайтыс болды
17:09 28.05.2022  76

Ақсу ауылдық аймағында құрғақ шөп жанды (ВИДЕО)
16:02 28.05.2022  70

Павлодарда Ертістің сол жағалауында қансорғыштарды улау жалғасуда
15:08 28.05.2022  78

Павлодарда сұр-жасыл түсті зат алып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
14:42 28.05.2022  99

Павлодарда ескі үйден мылтықтар мен мыңға жуық оқ табылды
14:15 28.05.2022  87

Павлодар облысында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия ай сайын қабылдау өткізеді
13:11 28.05.2022  99

Қазгидромет күздік бидай өнімділігінің болжамын жасады
12:13 28.05.2022  106

Өскемендік зейнеткер қонақта отырып павлодарлықтың атынан млн теңге несие алған
11:11 28.05.2022  105

Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды
10:10 28.05.2022  112

Павлодарда қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алды
09:13 28.05.2022  204

Бразилияға аштық қаупі төнді
08:45 28.05.2022  120

28 мамырда Павлодарда күндіз жаңбыр жауады
08:02 28.05.2022  124

Павлодарда армандар тақтасы пайда болды
22:07 27.05.2022  186

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Көмірлі өлкенің күрмеуі көп. Рәміздерде елдің жігері бар.
21:31 27.05.2022  184

Павлодар облысындағы колледждердің алты студенті «ITeachMe» жастар инклюзивті лагеріне қатысады
21:08 27.05.2022  175

Павлодар облысында жемқорлықпен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
20:39 27.05.2022  216

Қазақстанда қант тапшылығы жоқ
20:04 27.05.2022  191

Павлодар облысында мәдениет журналы шығып тұрады
19:30 27.05.2022  204

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды
19:02 27.05.2022  199

Екібастұзда мамықтың кесірінен дүкеннің төбесі жанып кетті (ВИДЕО)
18:21 27.05.2022  196

«Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын»: Павлодар облысында мәдениет қызметкерлері марапатталды
18:01 27.05.2022  202

Кенжекөлде көпір жаққа кеткен адам тоғыз күннен бері табылмай жатыр
17:42 27.05.2022  207

Қазақстандықтар бір күнде ең кемі 2,2 доллар жұмсайды
17:36 27.05.2022  192

Павлодарда қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуге қатысты өзгеріс енгізілді
17:05 27.05.2022  219

Екібастұзда оқушылар мерейтойға орай ертегілер жинағын шығарды
16:45 27.05.2022  209

Демалыс күндері солтүстікте 2 градус үсік күтіледі
16:16 27.05.2022  205

Павлодарда 150 аулаға балалар алаңын орнату жоспарлануда
15:43 27.05.2022  203

Биыл кейбір өңірде құрғақшылық болуы мүмкін
15:02 27.05.2022  205

Павлодарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі туралы айтылды
14:26 27.05.2022  236

Павлодарда қыс жылы өткендіктен су мен жылу құбырларында апат аз болды
13:31 27.05.2022  236

Қазақстан ғалымдары артериялық патологияны емдеудің жаңа әдісін тапты
13:03 27.05.2022  215

Павлодар облысында меценаттар мен демеушілер 500-ден астам балаға жолдама сыйлайды
12:32 27.05.2022  214

Павлодарда «Ertis Рromenade» маусымының ашылуына Қайрат Нұртас келеді
12:07 27.05.2022  246

Павлодарда қыз үшін жаппай төбелес шықты (ВИДЕО)
11:25 27.05.2022  302

Успен ауданында егіз бұзаудың біреуін ұрлаған бақташыға қатысты сот үкімі шықты
11:04 27.05.2022  231

Жылап тұрды: Павлодарда өзенге шыққан бала табылды (ВИДЕО)
10:36 27.05.2022  253

Павлодарда гүлзарлардың ауданы екі есеге артты (ВИДЕО)
10:03 27.05.2022  261

Таң атқанша ұйқы жоқ! Павлодарда би кешін ұйымдастырған жастар жазаланды
09:36 27.05.2022  244

Павлодарда экологтар қоқыс полигонынан шыққан өртке қатысты тексеріс жүргізді (ВИДЕО)
09:03 27.05.2022  254

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
08:34 27.05.2022  280

27 мамырда Павлодарда жел күшейеді
08:02 27.05.2022  269

Облыс әкімі Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапарын қорытындылады (ВИДЕО)
23:22 26.05.2022  262

Павлодарда арнайы балабақшалар ата-аналар үшін диалог алаңдарын өткізеді
21:34 26.05.2022  283

Павлодар облысында «шаффл- Party» өтеді
21:07 26.05.2022  292

Павлодарда 28 мамыр күні кезекті ауыл шаруақылық жәрмеңкесі өтеді
20:38 26.05.2022  324

Павлодарда кәсіподақ қозғалысының өкілдері референдумды қолдады
20:07 26.05.2022  360

Павлодардың оңтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
20:06 26.05.2022  309

Тереңкөлде малшының қараусыз қалған жер телімі тәркіленді
19:33 26.05.2022  303

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы көпқабатты үйдің терезесінен құлаған баланың жағдайымен танысты
19:11 26.05.2022  324

Павлодар облысының әкімі Екібастұздағы ең түйткілді мәселелерге тоқталды
18:20 26.05.2022  291

Павлодар ауданында төрт тонна шөп пен қора жанып кетті
18:01 26.05.2022  287

Баянауылда ауылдастарымен жанжалдасқан әкімі қатаң сөгіс алды
17:20 26.05.2022  311

Екібастұзда «Ерекше үйге» ешбір қауіп төнбейді
17:02 26.05.2022  294

Павлодардың солтүстік бөлігінде ыстық су қашан беріледі?
16:28 26.05.2022  314