Pavlodarnews.kz.
" /> Рекорд: Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақылдар жинауды жоспарлап отыр (ВИДЕО)
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Рекорд: Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақылдар жинауды жоспарлап отыр (ВИДЕО)  14.10.2021

Рекорд: Павлодар облысының диқандары бір миллионнан астам дәнді дақылдар жинауды жоспарлап отыр (ВИДЕО)

Өңірде 30 жылдың ішінде тұңғыш рет бір миллионнан астам дәнді дақылдар өсірілді. Сонымен бірге, павлодарлық шаруалар рекордтық 600 мың тонна картоп жинап, еліміз бойынша қарақұмық егістіктерінің көлемі бойынша да көш бастап тұр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстағы қарақұмық егістіктерінің аумағы еліміздегі егістіктердің жалпы көлемнің 54%-ын құрайды. Аграрийлердің айтуынша мұндай нәтижеге суармалы егістіктерді дамыту және озық агротехнологияларды енгізу арқылы қол жеткізілді. Шаруалар астықтың сапасы мен болашақ жоспарлары туралы Ертіс және Тереңкөл аудандарына жұмыс сапарымен келген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа айтып берді. 

 «Три К» шаруа қожалығының басшысы Оразалы Әйтімов аймақ басшысына биылғы жылы 630 гектар аумақта суару жүйесін тұңғыш рет қолданғанын айтты. Нәтижесінде кәсіпорынның жалпы өнімі айтарлықтай артқан. 

VNB_5090.jpg
- Маусым айынан бастап тұрғындар да қызықпайтын, мал жаюға да келмейтін кішігірім жайылым жерді пайдалану арқылы 350 миллион теңгенің өнімін алдық, - деді шаруа. – Сондықтан біз суармалы егістікті дамытуды қолға алмақпыз. Ертіс өзені де біздің егістіктердің жанында ағып жатыр. Алдағы жылдары тағы да екі мың гектар суармалы алқапты іске қосамыз. 

Ертіс ауданындағы тағы бір тәжірибелік шаруашылық – «Оразбаев» шаруа қожалығы да суармалы егістіктердің көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде кәсіпорын егістіктеріне 5,2 километр электр желілері мен 3,2 километр су құбырларын тартып үлгерді. Жыл соңына дейін мұнда сорғы орнатылып, келесі жылы аграрийлер 280 гектардан астам аумақты  суара бастайды. Сапалы жем-шөп базасын құрған соң шаруашылық 620 басқа арналған сүтті-тауарлы ферманың құрылысына кіріспекші. 

- Қазір өңірде 132 мың гектар суармалы жерлер бар, - деді облыс әкімнің орынбасары Мейрам Өтешов жалпы көрсеткіштер туралы. – Бес жылдың ішінде суармалы егістік алқаптарын 225 мың гектарға дейін арттыру мүмкіндігі бар. Биыл өңірде 5 мың гектар алқап суармалы егістіктердің қатарына көшеді.  

Әбілқайыр Сқақов «Смағұл» шаруа қожалығының егістік алқаптарында Ертіс ауданының басқа шаруаларымен да сөйлесті. Шаруалар өткен жыл диқандар үшін сәтті болғанын атап өтті. Олардың сөзін статистикалық деректер де растап отыр. Өңірде 30 жыл ішінде алғаш рет бір миллион тоннадан астам дәнді дақылдар астығын жинау жоспарланып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық. Сонымен қатар, павлодарлық картоп өсірушілер 600 мың тоннадан астам өнім жинап, өткен жылғы рекордтық 546 мың тонна өнімнен де асып түсті. Егер, 2019 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешеніндегі жалпы өнім көлемі 255 миллиард теңгені құраса, биылғы болжам бойынша жалпы өнім көлемі 350 миллиард теңгені құрауы керек. Өңір басшысы шаруалардың еңбегінің бүкіл облыс  үшін маңызды екенін атап өтіп, қазіргі кезде фермерлер өз өнімдерін  өңдеумен айналысу қажеттігін еске салды. 

VNB_5812.jpg

- Ауыл шаруашылығы шикізаттық түрде қалмауы керек, - деді ол. – Шаруалардың бұрынғыдай мемлекеттің қолдауына сеніп отыруына болмайды. Болашақта басымдық өз өнімдерін өңдеумен айналысып, жоғары технологиялық өндіріс енгізетін кәсіпорындарға берілетін болады. Бүкіл әлем елдерінде АӨК осы көрсеткіштер бойынша бағаланады. 

Тереңкөл ауданында Павлодар облысының әкімі «Құндыз» шаруа қожалығының көкөніс қоймасын қарап көрді. Кәсіпорын басшысы Игорь Щербак биыл жергілікті шаруалар өте сапалы картоп өнімдерін алғанын айтты. Жүгерінің шығымы да көңіл қуантады. 

- Сонымен бірге, біз өңдеуші кәсіпорындар қуана сатып алатын «Девятка» сұрыпты қарақұмық  өсіреміз, - деді Игорь Щербак өз жұмысының нәтижелері туралы. – Биыл біз қарақұмық алқаптарына 1,2 мың гектар жер бөлдік. Қарақұмықты орып, енді оның кебуін күтіп отырмыз. Астық көлемі гектарынан 8-10 центнерді құрайды деп үміттенудеміз.

Айта кету керек, биыл Павлодар облысында қарақұмықтың егіс алаңдары 53 мың гектардан асып түсті. Бұл көрсеткіш еліміздегі барлық қарақұмық егістіктерінің жартысынан көбін құрайды. Астықтың орташа өнімділік гектарынан 8,1 центнерді құраса, өңірде 43 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанда биыл алатын қарақұмық көлемінің шамамен 55%. 

«Александр» шаруа қожалығының аумағында Әбілқайыр Сқақов Тереңкөл ауданының басқа да ірі фермерлерімен кездесті. Олардың көпшілігі тек майлы дақылдарды қалдырып, егін жинауды аяқтаған. Қазір олар алдағы қысқа дайындалып жатыр. Өңір басшысы қыс мезгілінде мал өсірушілерді қолдау үшін Павлодар облысында жем-шөп бойынша субсидиялау тетігі қайта қаралғанын атап өтті. Биыл жергілікті сүт өндірушілер субсидия ретінде бір миллиард теңгенің қаржысын алды. Тағы 500 миллион теңге шағын фермерлік және шаруа қожалықтарына бөлініп берілді.

VNB_5222.jpg

- Өңірімізде жұмыс істейтін мыңға жуық шаруалар бұл субсидияларды алуына болады, - деп атап өтті әкім. – Ірі қара мал өсіретін шаруашылықтар орта есеппен бір бас малға 10 мың теңгедей субсидия алса, қой өсіретін шаруаларға бір қой үшін 3 мың теңгеден беріледі. Бұл жем-шөптің бағасын орташа есеппен 20%-ан 45%-ға дейін арзандатуға қатысты.  

Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша Павлодар облысында субсидиялау үшін тиісті ережелер қабылданды. Оларды бекіткен соң шаруалар мемлекеттің қолдауына ие болады. Аймақ басшысы жергілікті басшыларға бұл мүмкіндік туралы фермерлерге дер кезінде хабарлауды тапсырды.       

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев



Количество показов: 245

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

«Қазақфильм» «Өліара» тарихи фильмінің түсірілімін аяқтады
19:06 09.12.2021  6

Полицейлер Павлодар облысы 2500 құқықбұзушылықтың жолын кесті
18:33 09.12.2021  12

2021 жылы қазақстандықтар Google-да ең көп іздеген мәліметтер
18:13 09.12.2021  11

«Нұротандықтардың» Павлодардағы бас ХҚКО-ның жұмысына көңілі толмайды
17:42 09.12.2021  19

Нұр-Сұлтанда жаппай төбелеске қатысушылар ұсталды
17:11 09.12.2021  20

Павлодарда жас ақындардың тәуелсіздікке арнаған жыр жолдарының жинағы жарық көрді
16:48 09.12.2021  83

Қарағандыда ірі аудандардың бірінің атауы өзгертілді
16:26 09.12.2021  23

Мереке қарсаңында Ертіс ауданының құтқарушыларына сыйлықтар тапсырылды
16:01 09.12.2021  28

Қазақстанда алғашқы 5G-қала іске қосылды
15:28 09.12.2021  35

Павлодар облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы: Не өзгерді?
15:08 09.12.2021  42

Қазақстан жолдары: Сала мен сапа
14:35 09.12.2021  30

Өңірімізге еңбек сіңірген бірқатар адамдарға «Павлодар облысының құрметті азаматы» атағы берілді
14:06 09.12.2021  35

Шарбақты ауданы тазаланбаған жолдар үшін Павлодар компаниясымен соттасуда
13:02 09.12.2021  37

Қазақстанда цифрлық теңге қашан енгізіледі: Ұлттық банк жауабы
12:35 09.12.2021  34

Павлодарда «Есіңе мені алғайсың» премьерасы өтеді
12:03 09.12.2021  46

Павлодарлық дәрігерлер көлік қағып кеткен қыздың жағдайы туралы айтты
11:30 09.12.2021  49

Павлодарлық тұрғыннан психотроптық зат тәркіленді
11:08 09.12.2021  50

Екібастұзда өрт сөндіруші түтін басқан пәтерден төрт жасар баланы алып шықты
10:39 09.12.2021  22

Павлодар облысының алты ауданында бастауыш сыныптар аязға байланысты онлайн режимге ауысты
10:07 09.12.2021  49

Экономикалық көрсеткіште оң өсім көрсеткен өңірлердің бірі - Павлодар облысы
09:35 09.12.2021  47

COVID-19: Павлодар облысында тәуліктік көрсеткіш жаңартылды
09:03 09.12.2021  21

Павлодарда зейнеткер жасөспірімді қағып кетті
08:41 09.12.2021  79

9 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:04 09.12.2021  55

Биліктің мұрны «иіс сезбей» отыр. Ақылы сырғанақтың жыры. Суық пәтерде бүрсеңдеуде.
22:14 08.12.2021  53

«Омикрон»: Жаңа штамм қаншалықты қауіпті?
21:40 08.12.2021  68

Павлодарда музыка мектебінің түлектері ерекше концерт өткізді
21:06 08.12.2021  31

Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы отбасылық суреттерін жариялады
20:33 08.12.2021  85

Павлодар облысының бас дәрігері: Қонаққа баруды қою керек
20:07 08.12.2021  76

Covid-19: Павлодар облысында өкпесі толық зақымданған жаңа босанған әйел көз жұмды
19:35 08.12.2021  77

Коронавирусқа қарсы вакцина алуы тиіс павлодарлықтар қашан толық екпе алады?
19:04 08.12.2021  86

Қазақстандық дәрігерлерге үстемеақы төленеді
18:28 08.12.2021  83

Павлодар облысына жалғыз Олимпиада жүлдесін ұтып берген спорт түрінің халі қалай?
18:12 08.12.2021  117

Ревакцинация: ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
17:43 08.12.2021  97

Павлодар облысында байқаудан соң төбелес шығарған әйел сот алдында жауап берді
17:03 08.12.2021  89

«Отбасы банк» біржолғы зейнетақы төлемін алуға байланысты мәлімдеме жасады
16:36 08.12.2021  99

Павлодарлық хирургтар күйіктен кейін бірегей ота жасайды
16:04 08.12.2021  109

Мәскеуде аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы туралы фильм трейлерінің премьерасы өтті
15:37 08.12.2021  86

Павлодарлық келіншектен 5 млн теңге жымқырған Омбы тұрғыны әуежайда қолға түсті
15:06 08.12.2021  116

Қай жастағы балалар коронавирусты жиі жұқтырады
14:24 08.12.2021  98

Павлодарда қант зауытын әзірлеуге Түркия компаниясы кірісті
13:32 08.12.2021  104

Павлодарлық ветеринар Грэпплинг Ги спортынан ел чемпионатының жүлдегері атанды
13:07 08.12.2021  103

Әлемде соңғы бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 10% өсті
12:29 08.12.2021  104

Павлодар облысында ірі қара мал сатып алған шаруалар тығырыққа тірелді
12:01 08.12.2021  122

Қазақстан халқының ішінде қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
11:34 08.12.2021  107

Павлодарға Түркиядан келген профессор IT студенттеріне дәріс оқиды
11:02 08.12.2021  148

Қазақстандықтар ақшаларын қалай сақтайды?
10:33 08.12.2021  126

Ақсуда спорт кешенінде Өзбекстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген
10:02 08.12.2021  122

COVID-19: Павлодар облысында эпидахуал тұрақты
09:33 08.12.2021  125

Ресейде коронавирустың «омикрон» штамы анықталды
09:01 08.12.2021  118

Испания құрамасының бұрынғы футболшысы «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін
08:23 08.12.2021  171

8 желтоқсан күні Павлодар облысында аяз болады
08:01 08.12.2021  124

Усолка шағын ауданында кейбір үйлерде су болмайды
21:07 07.12.2021  146

«Жеңілдікпен массажер сатамын»: Павлодарда алаяқтар зейнеткерді алдап кеткісі келген
20:32 07.12.2021  156

Павлодар облысында бала емізетін 600-ге жуық әйел Pfizer екпесін алған
20:07 07.12.2021  157

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды
19:22 07.12.2021  171

Павлодарда Тәуелсіздік құрдастары арасында байқау өтеді
19:05 07.12.2021  163

ДДСҰ безгектен өлім көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді
18:35 07.12.2021  153

Павлодар облысында мемлекеттік шекарадан ресейлік екі азамат өте алмады
18:04 07.12.2021  176

Парижде Абай бюсті ашылды
17:40 07.12.2021  178

Павлодарда металлургия бойынша диссертациялық кеңес ашылды
17:01 07.12.2021  201