ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабын шығарды. Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі электронды кітап - 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы.Спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғаның куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар, бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаттағы бейнесі ерекше орын алады.«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына осы кітаптан үзінділер жариялайды." /> Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Тұңғыш сайлау қарсаңындағы Тұңғыш Президентпен кездесу
тек шынайы ақпарат
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Тұңғыш сайлау қарсаңындағы Тұңғыш Президентпен кездесу 01.12.2021

Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Тұңғыш сайлау қарсаңындағы Тұңғыш Президентпен кездесу

ҚазАқпарат – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ электронды нұсқада «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабын шығарды. Қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі электронды кітап - 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы.Спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғаның куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар, бұл кітапта соңғы 30 жыл ішіндегі экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаттағы бейнесі ерекше орын алады.«ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына осы кітаптан үзінділер жариялайды.

Тұңғыш сайлау қарсаңындағы Тұңғыш Президентпен кездесу

Ирак ЕЛЕКЕЕВ

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген заңгері Менің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен алғашқы кездесуім тарихымыздағы тағдыршешті кезеңдерінің бірі – тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы бүкілхалықтық президенттік сайлау қарсаңында, 1991 жылдың 15 қыркүйегінде болды. Ол кезде мен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Әділет басқармасының бастығы әрі облыстық сайлау комиссиясының төрағасы болып қызмет істейтін едім. Болашақ Президент сайлаушылармен кездесу үшін бізге екі күндік іс-сапармен келген болатын.

Шынында да, Президент ол кезде тыным таппайтын, аса жұмысбасты болатын: тіпті тәуелсіз Қазақстанның бірінші Әділет министрі Ғалихан Ержанов маған қоңырау шалып: «Нұрсұлтан Назарбаев бар уақытын Жоғарғы Кеңестің отырыстарында өткізеді. Мен біраздан бері оның қабылдауына кіре алмай жүрмін» деп шағымданған-ды.


Мені Нұрсұлтан Әбішұлына облыстық коммунистік партия комитетінің бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров таныстырды: «Бұл - біздің заңгер Ирак Елекеев. Ол облыстық сайлау комитетінің төрағасы». Тағдыр осылай болды – және сол екі күн өмір бойы менің есімде қалды.


Кандидаттың кездесуінің бірі Ембі (қазіргі Жылыой) ауданының Құлсары қаласында өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір жиналысқа аса мұқият және ықтияттылықпен дайындалатынына, негізгі тезистерді жазып алатынына куә болдым. Баратын жері бойынша аудиторияның ұлттық және тілдік құрамын, оның кәсіби мамандануын, проблемалық мәселелерін зерделейтін. Мен өз тарапымнан Нұрсұлтан Әбішұлына мұнда халықтың көпұлтты екенін, көптеген сұрақтар болатынын және олар қазақ және орыс тілдерінде қойылатынын айттым. Яғни, алда маңызды диалог күтіп тұрғанын меңзедім.


Сосын сайлаушылар тарапынан сөз сөйлеп, мүдделерін білдіретін спикерлер тізіміне қарадым: Социалистік Еңбек Ері, мұғалім, дәрігер, мұнайшы және құрылысшы сөз сөйлеуі керек еді. Неге құрылысшы? Өздеріңіз білетіндей, Атырау облысында Кеңес Одағындағы ең үлкен құрылыс алаңы – «Теңіз» кен орны болды, онда бүкіл КСРО-дан және алыс шетелдерден келген адамдар жұмыс істейтін.


Сонымен, тізімді бір қарап шығып, мен Елбасына сөз сөйлеушілердің арасына бір судьяны қосуды ұсындым. Кейбіреулер түсінбей қалған секілді. «Егер бір судьяға сөз бермесек, онда мен мында неге отырмын?» деп төтесінен қойдым. Президент те тәуелсіз әрі сайлау процестеріне араласпайтын сот өкілінің мұндай кездесуде сөз сөйлеуі дұрыс па деп, менің сұрағыма күмән келтірді. Ал мен Нұрсұлтан Әбішұлын сот жүйесіндегі проблемаларды білу азаматтарымыздың көптеген өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік беретініне сендіруге тырыстым. Ақыры Президент келісімін берді. Судья Гүлнәр Қарабалина әжептәуір ұзақ сөз сөйледі. Ол шынымен де қазіргі сот проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы көп жайларды ашып айтты. Айтпақшы, Гүлнар Қарабалина одан кейін отыз жыл бойы Атырау облысының сот жүйесінде мінсіз қызмет етіп, 2020 жылдың басында құрметті демалысқа шықты.


Осындай тынымсыз кездесулердің арасындағы үзілісте бір қызық оқиға болғаны есімде: біз Нұрсұлтан Әбішұлына сүт қатқан шай бергіміз келген, бірақ менің орынбасарым: «Ирак, мен шайды ұйымдастырайын, бірақ сүт болады деп уәде бере алмаймын», - деді. Қиын уақыт болғаны сонша күнделікті ішіп-жейтін тағамдар да тапшы еді. Шынымды айтсам, тазартылған су да жетіспейтін – суды краннан ішетінбіз.


Әрине, сезімтал, жанашыр, барлық проблемалардан үнемі хабардар болуға тырысатын Президент сол кезде маған үлкен әсер қалдырды. Алматыға ұшар алдында ол мені шақырып алып: «Сот-құқықтық жүйесінің өңірлік деңгейде тағы қандай проблемалары бар?», - деп сұрады. Мен: «Нұрсұлтан Әбішұлы, Ресейде Ельцин компартияның аудандық комитеттерінің барлық ғимаратын сот билігіне беріп жатыр. Мүмкін біз де осы тәжірибені қарастырармыз?», - дедім.


Ол кезде Ресейде Коммунистік партияның жетекші рөлі жойылған болатын-ды. «Бізде де солай болады», – деп кесіп айтты Нұрсұлтан Назарбаев. Президентпен облыстық компартияның бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров та келісті. Қазақстанда да айналдырған 3-4 айдың ішінде коммунистік партия тақтан тайды. Атырау облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша райкомдардың барлық ғимараттары жергілікті соттарға берілді.


Сонымен қатар, судьяны спикерлікке шақыру жалпы алғанда биліктің үш тармағының тәуелсіздігін, Монтескье теориясын, судьялардың объективтілігі мен бейтараптығын талқылап, орнықтыруға себеп болды. Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында және өңірлерге сапары кезінде әрқашан осы бағытқа ерекше назар аударып отырды. Сондай-ақ Президент біздің нотариатты шаруашылық есепке ауыстыру туралы идеямызды да қолдады. Ол кезде бюджетте нотариаттарды ұстауға ақша болмаған, сондықтан нотариустарды жеке секторға беру туралы біздің дәлеліміз сенімді болды. Кейін сот орындаушыларына қатысты да осындай шешім қабылданды. Осылайша, Ұлт көшбасшысының арқасында жеке нотариус және жеке сот орындаушысы институты құрылды. Бүгінде олар жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыруға тәуелсіз атқаруда.


Сонау осыдан отыз жыл бұрынғы, 1991 жылғы оқиғаларды талдай отырып, оның өте қиын кезең болғанын, жас мемлекеттің көптеген проблемалармен бетпе бет келгенін айтуымыз керек. Бақытымызға қарай, халық Нұрсұлтан Назарбаевқа сенді және оны ел тарихындағы алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлауда басым көпшілік дауыспен қолдады. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы ретінде мен Нұрсұлтан Әбішұлының сайлаушылар арасындағы беделі мінсіз болғанын, адамдардың онымен елдің жарқын болашағын байланыстырғанын сенімді түрде айта аламын. Түптеп келгенде қалың халықтың бұл шешімі өте дұрыс еді. Оны өмірдің өзі көрсетті.




Количество показов: 245

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Өңірлерде азық бағасы тұрақтанды ма? «Ақсудың» жігіттеріне сенім артамыз. Ауыл тұрғындарының тұрмысын қалай көтереміз?
21:03 21.01.2022  5

Павлодарда қоғам белсенділері бірқатар мекемелерінің жұмыстарындағы олқылықтарды анықтады
20:29 21.01.2022  13

Павлодарлық әйел өз ұлының үстінен полицияға шағымданды
20:05 21.01.2022  12

Павлодардағы зағиптар қоғамында өндірілген дайын өнімдерді сатуда не кедергі?
19:32 21.01.2022  18

Кенжекөл ауылына жүретін автобус уақыты ұзартылды
19:01 21.01.2022  20

Qatar Airways пен Air Arabia Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
18:37 21.01.2022  18

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Павлодарэнерго» АҚ-ның жұмысшыларымен кездесті
18:03 21.01.2022  23

Бізге жаңа салық саясаты қажет - Қасым-Жомарт Тоқаев
17:34 21.01.2022  21

Павлодарлық оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шығармашылық байқауына қатысты
17:03 21.01.2022  23

Ақсу қаласының маңында теміржол арқылы өтетін өткелдің құрылысымен байланысты көп жылдық проблемасы қолға алынды
16:04 21.01.2022  33

Әбілқайыр Сқақов: Биыл Черемушки ауылында жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады
15:48 21.01.2022  31

Павлодарлықтың жүрегін елордаға жеткізу үшін дәрігерлер бастарын қатерге тікті
15:26 21.01.2022  43

Екібастұздық мұғалім оқушылар арасында тегін үстел ойындарын әзірлеуде
15:06 21.01.2022  30

Мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық полицейлерден айласын асыра алмады
14:34 21.01.2022  36

Павлодар облысында қыстаулар штаттық режимде жұмыс істеуде
14:04 21.01.2022  35

Павлодарда бірқатар тұрғын үй жылусыз қалды
13:23 21.01.2022  45

«Ертістің» бұрынғы ойыншысы жаңа командасы үшін әдемі гол соқты (ВИДЕО)
13:10 21.01.2022  37

Ганада жарылғыш заттар тиелген көлік жарылып, 17 адам қаза тапты
12:31 21.01.2022  36

Павлодарлық футболшы ресейлік клубқа ауысуы мүмкін
12:07 21.01.2022  42

Павлодарлық балабақшаларда «Экоқұпия» жобасы таныстырылды
11:33 21.01.2022  42

Әзербайжанда төрт аптада коронавирус жұқтырғандардың 40%-ынан «омикрон» табылды
11:04 21.01.2022  49

Құқық қорғау органдары тарапынан құқықтары бұзылған павлодарлықтар қайда жүгіне алады
10:34 21.01.2022  47

Павлодарда пәтер жалдамақ болған қыз алаяққа алданып қалды
10:02 21.01.2022  56

Павлодарда тұрғын үйдің жанында пышақпен жүрген күдікті ұсталды
09:27 21.01.2022  58

Павлодар ауданында мас күйінде жарықшам бағанына соғылған жүргізуші қамауға алынды
09:02 21.01.2022  58

Антирекорд: Павлодар облысында бір күнде 860-тан астам адамда КВИ анықталды
08:37 21.01.2022  56

Павлодар облысында жұма күні жауын-шашынсыз болады
08:03 21.01.2022  60

Павлодарда жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орны» жобасы басталды
21:36 20.01.2022  98

Павлодар облысында COVID-19 белгілері бар балалар ауруханаларға жиі түсе бастады
21:07 20.01.2022  67

Қарақұдық ауылының жастары бизнес идеяларын әкіммен бөлісті
20:31 20.01.2022  77

Павлодар облысының тұрғындарын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады
20:02 20.01.2022  80

Павлодарлық тұрғын университеттің оқу ақысын көтергеніне шағымданды
19:37 20.01.2022  79

Тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендердің несиесі 3 ай кейінге шегеріледі
19:04 20.01.2022  84

Екібастұз тұрғыны заманауи стоматологиялық клиниканы қалай ашқанын айтты
18:29 20.01.2022  92

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сатып алу бөліміне екі маман мен мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасына бір маман қажет
18:07 20.01.2022  90

Павлодар облысында жыл басынан бері COVID-19: көрсеткіштер қалай өзгеруде
17:20 20.01.2022  82

Павлодарда көршісінің атынан несие алған тұрғын сотталды
17:02 20.01.2022  96

«Омикрон» Павлодар облысына жетті ме?
16:32 20.01.2022  90

Павлодар облысына «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді
16:03 20.01.2022  100

«Құқықтық тәртіп»: Павлодар облысында 2,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
15:24 20.01.2022  97

Ақсу ауылдық аймағында орманшылар қақпанға түскен итті құтқарды (ВИДЕО)
15:14 20.01.2022  110

Павлодар облысының тұрғындарын қазақша тегін үйренуге шақыруда
14:36 20.01.2022  102

Ертіс ауданында полиция автокөліктерінің саптық байқауы өтті
14:20 20.01.2022  99

Павлодарда балықшы мұздың астына түсіп кетті
13:26 20.01.2022  135

Театр және кино актері Төлеубек Аралбай дүниеден өтті
13:12 20.01.2022  94

Павлодар ауданының тұрғыны полициядан ұлын қатаң жазалауды сұрады
12:36 20.01.2022  101

Павлодарлық журналиске өмірлік жар болуға ұсыныс айтылды
12:32 20.01.2022  212

«ӨКМ операторының» орнына келген «Жасыл даму» утиль алым мөлшерін қалай белгілейді
12:06 20.01.2022  107

Павлодар облысында телефонды пайдаланғаны үшін 3000 жүргізуші жазаланды
11:28 20.01.2022  113

Павлодар ауданында ер адам интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішті ластады (ВИДЕО)
11:02 20.01.2022  122

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінде әйел адамды көлік қағып кетті
10:27 20.01.2022  107

Павлодар облысында өткен тәулікте 700-ден астам адамнан КВИ анықталды
10:04 20.01.2022  112

18 жыл бұрын Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен күдікті Павлодардан табылды
09:22 20.01.2022  132

«Ақсуды» кім жаттықтырады, бюджеті қандай?
09:04 20.01.2022  139

Павлодарлықтар үш бөлмелі пәтер алып берген науқас ана көз жұмды
08:18 20.01.2022  135

20 қаңтар күні Павлодар облысында қалың тұман күтіледі
08:00 20.01.2022  132

Депутаттар автокөліктердің міндетті техникалық байқауын алып тастауды ұсынды
22:05 19.01.2022  139

Ақсудағы бастауыш партия ұйымдары қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады
21:32 19.01.2022  151

Успен жастары әкімге өздерін толғандырған сұрақтарын жолдады
21:21 19.01.2022  153

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Қалтаны қағудың айласы ма? Көмір бағасы жыл соңына дейін сақталады. Утильдік алым қандай болуы керек?
21:07 19.01.2022  130