Pavlodarnews.kz тілшісі.
" /> Павлодарда болашақ Оразалиновтар мен Дроздовтар қалай жаттығуда (ФОТО)
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Павлодарда болашақ Оразалиновтар мен Дроздовтар қалай жаттығуда (ФОТО) 06.09.2021

Павлодарда болашақ Оразалиновтар мен Дроздовтар қалай жаттығуда (ФОТО)

Биылдан бастап Павлодарда су добынан секция жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

IMG_2243.jpg

Бұдан ертетек жазғанымыздай, 2020 жылдың күзінде облыс басшылығы қаламызда су добының бөлімшесін ашу туралы шешім қабылдады. Ақтөбеден тәжірибелі бапкер Андрей Павлов шақырылды.

- Өзм Қарағандыданмын, 2016 жылы Ақтөбе облысынан шақыру алып, сол жерде жаттықтырушылық қызметті бастадым, - деп есіне алады Андрей Павлов. – Ақтөбеде 8-9 жасар балаларды қабылдап, бес жылдай жұмыс істедім. Қазір олардың үшеуі Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы жасақталатын, үздік ойыншыларды жинайтын алматылық спортинтернатта оқиды.

IMG_2159.jpg

Жаттықтырушының сөзіне сенсек, ол жаңа жерге келіп жұмыс істеуден, жаңа сындарға түсуден тайынбайды. Павлодардан келген шақыруды ықыласпен қарсы алған. Үйірмеге қабылдау 2021 жылдың сәуірінде басталып, секцияға 2011, 2012, 2013, 2014 жылы туған балалар қабылданды. Жаттығулар мамырда басталды.

- Алғашқы жаттығуға бала көп келді, алайда көбі іріктеуден өтпеді, - дейді Андрей Павлов. – Балалардың суда жүзе алғанын, су бетіндегі қимыл-қозғалысын бақыладым. Мамырда техникаға көше бастадық. Су добына келген бала жүзе білуі керек. 45 минут залда жұмыс істеп, 45 минут суда жаттығамыз. Уақыт шектеулі, сол себепті суда малти алмайтындармен бөлек жұмыс істеуге мүмкіндік жоқ.

IMG_2215.jpg

Спортзалда балалар жалпы жетілдіруші жаттығулар, жалпылама физикалық әзірліктен өтеді: балалар отырып-тұрады, секіріп, доппен ойнайды. Одан кейін болашақ Оразалиновтар мен Дроздовтар бассейнге көшіп, онда су бетінде әртүрлі жаттығулар жасап, допқа иелік етуді үйренеді.

IMG_2189.jpg

Қазір Андрей Павловтың қарамағында 60 өрен ватерполоның қыр-сырын үйреніп жүр. Төртеуі еркін стильмен жүзуден үшінші жасөспірім разрядының нормативін орындап үлгерген.

- Жаймен жұмыс істеп жатырмыз, балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі, бірақ балалар су добына жаппай келе бастады деу ерте, - дейді Андрей Павлов. – Қыркүйекте 2012-2013 жылғы балаларды қабылдауға қосымша өтініш жібердім – әзірше небары 10 бала келді. Балалардың қызығушылығы төмен. Қазіргі жас жеткіншектер көбінің аңдығаны телефон мен фастфуд. Мен жігіттеріме чипс жеп, кола, газдалған сусын ішуге тыйым саламын.

IMG_2287.jpg

Әлбетте, Павлодар су добы жеңістерінің ауылы әлі алыс. Андрей Павлов – балаларды асықпай, жан-жақты жаттықтыруға тырысады. Кіші жастағы балаларды жинағаны да сол. Оның айтуынша, бір-екі жылдан соң олар нағыз бабына енеді. 

- Бір жылдан кейін ғана басқа қалаға шығамыз, бірақ оның өзі оқу-жаттығу жиыны болады, - дейді жаттықтырушы. – Қазақстан чемпионаттары ең кіші дегенде 2010 жылғы балалар арасында өткізіледі. Алайда мен келесі жылдың мамыр айында ресейлік облыстардың қатысуымен Павлодарда кішігірім турнир өткізуді көздеймін. Бірақ оған дейін балаларды барынша жаттықтырып, әзірленіп алайық. Су добы – өте ауыр спорт түрі, мұнда асыққан адам ештеңеге қол жеткізе алмайды.

IMG_2278.jpg

Андрей Павлов атап өткендей, су добы Қазақстанда жақсы дамып келеді. Бұл спорт түрі еліміздің 10 өңірінде бар.

IMG_2362.jpg

Өз заманында алматылық «Динамоның» аттары аңызға айналған ойыншылары Асқар Оразалинов, Сергей Котенко, Нұрлан Меңдіғалиев, Сергей Дроздовтар Олимпиада, әлем чемпионаттарында жүлдегер атанып, ең күшті деген шетелдік клубтарда ойнады. Қазір де құрамамыз Азияда үздік болып есептеледі, жақында Токио Олимпиадасына қатысып келді.

IMG_2275.jpg

- Су добында жетістікке жету үшін баланың өзі тырысып жаттығу керек, - дейді бапкер. – Ата-анасы күштеп әкелсе, түк шықпайды. Жақсы база, жағдай мен жаттығулар ұзақтығы да маңызды. Мен жұмысымды істеймін делік, бар нәрсе – баланың мені қалай түсініп, тырысып орындағанында.

IMG_2367.jpg

Келесі жылы бапкер өз шәкірттерімен 25-метрлік «Толқыннан» су добына қажеттің бәрі бар 50-метрлік «Ertis Olympic» бассейнінен көшсем бе деп үміттенеді. Онда қақпа да, алаң да, кеңістік те бар.

IMG_2418.jpg

Әзірше жаттығулар «Толқында» дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 11:00-ге және 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.

Айбек Жұматов
Фото: Константин Шелков

Количество показов: 6077

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Мұхаммед Әлидің немересі кәсіби бокста екінші рет жеңіске жетті
20:33 24.10.2021  35

Павлодар әкімі қаладағы кейбір шамдардың неліктен жанбай тұрғанын түсіндірді
19:51 24.10.2021  34

Павлодардағы музыка мектебіне Чайковский туралы көрме экспозициясы сыйға тартылды
18:49 24.10.2021  38

Қаскелеңде көлік жолаушысы жолдың ортасында оқ жаудырды
17:42 24.10.2021  45

Павлодар облысында кинологтың иті металл ұрлығын ашып берді
16:24 24.10.2021  45

Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр
15:33 24.10.2021  45

Павлодар облысында балықшы суға батып кетті
14:25 24.10.2021  68

Германия Федералды Республикасында халықтың 70% КВИ-ге қарсы екпе салдырды
13:40 24.10.2021  54

Павлодарда қаруланған ер адамдар ұсталды
12:51 24.10.2021  63

Өнер жұлдыздары, Олимпиада жүлдегерлері, жекпе-жек шеберлері бозкілемде белдесті
11:34 24.10.2021  16

Павлодарда COVID-19 жұқтырушылар саны күн сайын артып келеді
10:28 24.10.2021  74

Қабанбайдың 329 жылдығы: ШҚО-да республикалық конференция өтті
09:16 24.10.2021  78

Жексенбіде Павлодар облысында жел күшейеді
08:03 24.10.2021  88

Алматы мен Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнатылады
21:20 23.10.2021  101

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ
20:35 23.10.2021  124

Павлодарда ер адам кешкі ас дайындамаған әйелін соққыға жықты
19:29 23.10.2021  114

Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр
18:31 23.10.2021  110

Ақсулықтар қаланың 60 жылдығына орай Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін медальдармен марапатталды
17:44 23.10.2021  116

«Ақсу» Премьер-лигаға шықты
17:20 23.10.2021  124

Павлодарда коммуналдық жөндеулерден кейінгі көше жолдарын қашан қалпына келтіреді?
16:53 23.10.2021  120

Ақсуда шаһардың мерейтойына орай 60 көшет отырғызылды
16:18 23.10.2021  115

Павлодар бір тәулікте COVID-19 жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орынға шықты
15:50 23.10.2021  116

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
14:52 23.10.2021  115

Ақсу тұрғындарына қаланың мерейтойына орай жаңа пәтер кілті табысталды
13:45 23.10.2021  142

Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО)
13:20 23.10.2021  213

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды
12:39 23.10.2021  143

Қазақ тіліне жүргізілетін реформаның бағыттары аталды
11:35 23.10.2021  163

Бүгін футбол! «Ақсу» жанкүйерлерді стадионға шақыруда
10:17 23.10.2021  165

Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады
09:14 23.10.2021  155

Сенбіде Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
08:01 23.10.2021  149

Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен келген Нұржан Жетпісбаев жастар өмірімен танысты
21:27 22.10.2021  173

Баянауылда Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
21:02 22.10.2021  173

Аққулыда күзгі кросс өтті
20:27 22.10.2021  179

Екінші Павлодардағы мәселелерді шешу жұмысы әлі де жалғасады
20:13 22.10.2021  195

«Ақсу» - «Оқжетпес»: Жерлестеріміз қарымта қайтара ма?
20:04 22.10.2021  209

Павлодарда өрт кезінде әйел адамды күйік шалды
19:02 22.10.2021  186

Грузия туристерді қысқы курорттарға қабылдауға дайын
18:32 22.10.2021  194

Павлодарда демалыс күндері екпені қай жерден алуға болады
18:06 22.10.2021  178

Нұр-Сұлтанда жүрек донорларының құрметіне арт-нысан ашылды
17:31 22.10.2021  196

Қалқаманда 35 жыл бойы жөнделмеген балабақша ретке келтірілді
17:05 22.10.2021  193

Павлодарда мамандар өлкетану мәселелерін талқылады
16:37 22.10.2021  221

Павлодарда жанат тәрізді ит еркіндікке жіберілді (ВИДЕО)
16:22 22.10.2021  211

Павлодар облысында локдаун болуы мүмкін бе?
16:04 22.10.2021  213

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады - Бас еңбек инспекторы
15:27 22.10.2021  207

Павлодар облысында тұрмыстық қылмыс азайған
15:02 22.10.2021  205

Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов
14:34 22.10.2021  220

Павлодар ауданында тәртіп сақшысы тоғайда жоғалып кеткен тұрғынды тауып алды
14:07 22.10.2021  195

Қазақстанның вакциналау төлқұжатын Венгрия ғана мойындаған
13:28 22.10.2021  225

COVID-19: Павлодарда реанимацияға түскен сәбидің жағдайы белгілі болды
13:02 22.10.2021  229

Павлодарда инвесторларды қолдаудың механизмдері талқыланды
12:30 22.10.2021  230

Қазақстанда тоғыз банк жойылады
12:27 22.10.2021  231

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
12:03 22.10.2021  222

Павлодарда ескерткіштер жарықтандырылды
11:28 22.10.2021  220

Павлодар облысында халық санағын жүргізу бойынша Ақсу көш бастап тұр
11:01 22.10.2021  230

Жаһандық жылыну салдарынан жаңа індет пайда болуы мүмкін
10:20 22.10.2021  210

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
10:10 22.10.2021  227

Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған әйел адам өлі күйінде табылды
09:35 22.10.2021  256

Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді
09:22 22.10.2021  239

Павлодар облысында ауыл тұрғыны ашу үстінде ғашығын пышақтап өлтірді
08:52 22.10.2021  242

Павлодар облысында жұма күні қатты жел болады
08:21 22.10.2021  233