Тәуелсіз елде мектепке бардым!
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Тәуелсіз елде мектепке бардым! 06.09.2021

Тәуелсіз елде мектепке бардым!

Еркін Дүйсембинов – облыстық онкологиялық диспансердегі химиятерапия бөлімшесінің меңгерушісі. Білікті дәрігер қолына диплом алған кезден қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың індеттен айығуына бар күшін салуда.

Еркін Райзаұлы Өзбекстан Республикасында туған. 3 жасында ата-анасы Қазақстанның Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіне көшіп келген. Энергетиктердің отбасында тәрбиеленген ол 11-сыныпты Екібастұз қаласында бітірген. Ол Тәуелсіздік алған уақытты есінде сақтап қалғанын айтты.

- 1991 жылы 5 жастағы бала едім. Сол уақытта алғаш рет мектеп табалдырығын аттадым. Болашағым осы Тәуелсіздікпен қаланды десем болады. Егеменді елде білім алып, Семей мемлекеттік Академиясының Павлодар қаласындағы филиалына оқуға түстім. 7 жыл білім алып, дәрігер атандым. Алғашқы еңбек жолымды онкологиялық диспансерден бастадым. Әу баста геникология бөлімшесінде жұмыс істесем, кейін хирургия бөлімшесіне ауыстым. Қазір медициналық мекемеде химия терапия бөлімшесін басқарамын. Осы салада 12 жылдан астам уақыт жұмыс істеудемін, - дейді ол.

Еркін Райзаұлы Отанның тірегі – отбасы деген сөзді берік ұстанатынын айтады. Жылына бір рет келетін еңбек демалысын жанұясына арнайды екен. Отбасымен бірге Солнечный кентінде тұратын анасына қонаққа барып, қолғабыс етеді. Өзі - екі баланы тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Білікті дәрігер Тәуелсіздік алғаннан бері медицина саласында оң серпіліс барын жеткізді. Қазір облыстық онкология шет елдегідей заманауи құрылғылармен толық жабдықталған. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек, төсек-орын, технология жеткілікті.

- Әлем бойынша қатерлі ісік жасарып келе жатқанын жасырмаймын. Аймағымыз да республикада көш бастап тұр. Бірақ бұл статистика туу көрсеткіштігіне байланысты. Өйткені біздің өңірде басқа облыстармен салыстырғанда бала туу көрсеткіші төмен дер едім. Өкінішке қарай, бізде химия терапия 18 жастан бастап жүргізіледі. Ал балаларды онколог педиатр емдейді.

Қауіпті дертті ерте анықтау көп жағдайда мүмкін болмай жатады. Себебі бұл індеттің алғашқы белгілері адам ағзасында білінбей өтеді. Науқастар бойдағы шаршау, әлсіздік сынды ұсақ симптомдарды аңғара бермейді. Бұл дерт адам талғамайды. Сонысымен де қауіпті. Себебі кез келген сау адам қатерлі дертке шалдығуы мүмкін. Әлемде онкология жыл сайын көбейіп келеді. Осы дертті ерте анықтаудың жалғыз жолы –
скринингтік тексеру. Тұрғындарды жыл сайын өткізілетін жоспарлы тексеруге шақырамын, - дейді дәрігер.

Еркін Дүйсембинов қатерлі ісіктен сақтану үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтануға кеңес береді. Бұл дерт жас талғамайтындықтан әр адам денсаулығына ерекше күтіммен қарауы тиіс. Ағзада кінәрат пайда болса, ұзаққа созбай дәрігер қабылдауына жазылып, себебін анықтау маңызды.

- Қызмет барысында адамдардың дені ауруын асқындырып қабылдауға келетінін аңғарамыз. Обаны жоғары сатысында емдеу мүмкін емес. Химия терапия арқылы 3-4 сатыға жататын науқастардың өмірін ғана ұзарта аламыз. 3 және 4-ші сатыларда аурудан айығу мүмкін емес. Әлем бойынша жағдай осы. Себебі төменгі сатыларда ісік барлық ағзаға тарайды. Оны тоқтату мүмкін емес. 3-4 сатыдағы дертпен ауыратын науқастар кемі 1 жыл өмір сүреді. Ең көп дегенде 5 жылға ғұмырын ұзартуға болады. Шетел дәрігерлері де осыны айтады, - дейді Е.Дүйсембинов.

Еркін Райзаұлы биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұлғалары» облыстық байқауында жеңіске жеткенін атап өту керек. Білікті дәрігер мұндай додалар ауыр қызметте жүрген мамандарды ынталандыратынын жасырмады.

- Биыл «Тәуелсіздік тұлғалары» облыстық байқауында бақ сынадым. Басшылық еңбек өтілімді, қызметімді ескеріп, ұсынған екен. Тәуелсіз елде еңбек етіп жатқаныма - 12 жыл. Бұл аз уақыт болғанмен, осы аралықта талай науқасты аурудан айықтырып, ем-шарасын жүргіздік. Осы байқаудың атауының өзі жігерлендіре түскенін жасырмаймын. Жауапкершілікті одан әрі арттырды, - дейді дәрігер.

Күрделі саланы таңдап, ауыр дертке шалдыққан науқастарды 10 жылдан астам уақыт емдеп келе жатқан білікті маманның жұмысына жеміс тілейміз.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

 


Количество показов: 5052

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодарда ер адам кешкі ас дайындамаған әйелін соққыға жықты
19:29 23.10.2021  4

Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр
18:31 23.10.2021  15

Ақсулықтар қаланың 60 жылдығына орай Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін медальдармен марапатталды
17:44 23.10.2021  27

«Ақсу» Премьер-лигаға шықты
17:20 23.10.2021  31

Павлодарда коммуналдық жөндеулерден кейінгі көше жолдарын қашан қалпына келтіреді?
16:53 23.10.2021  26

Ақсуда шаһардың мерейтойына орай 60 көшет отырғызылды
16:18 23.10.2021  21

Павлодар бір тәулікте COVID-19 жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орынға шықты
15:50 23.10.2021  30

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
14:52 23.10.2021  25

Ақсу тұрғындарына қаланың мерейтойына орай жаңа пәтер кілті табысталды
13:45 23.10.2021  36

Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО)
13:20 23.10.2021  103

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды
12:39 23.10.2021  53

Қазақ тіліне жүргізілетін реформаның бағыттары аталды
11:35 23.10.2021  57

Бүгін футбол! «Ақсу» жанкүйерлерді стадионға шақыруда
10:17 23.10.2021  57

Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады
09:14 23.10.2021  65

Сенбіде Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
08:01 23.10.2021  60

Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен келген Нұржан Жетпісбаев жастар өмірімен танысты
21:27 22.10.2021  83

Баянауылда Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
21:02 22.10.2021  77

Аққулыда күзгі кросс өтті
20:27 22.10.2021  85

Екінші Павлодардағы мәселелерді шешу жұмысы әлі де жалғасады
20:13 22.10.2021  100

«Ақсу» - «Оқжетпес»: Жерлестеріміз қарымта қайтара ма?
20:04 22.10.2021  112

Павлодарда өрт кезінде әйел адамды күйік шалды
19:02 22.10.2021  96

Грузия туристерді қысқы курорттарға қабылдауға дайын
18:32 22.10.2021  101

Павлодарда демалыс күндері екпені қай жерден алуға болады
18:06 22.10.2021  91

Нұр-Сұлтанда жүрек донорларының құрметіне арт-нысан ашылды
17:31 22.10.2021  100

Қалқаманда 35 жыл бойы жөнделмеген балабақша ретке келтірілді
17:05 22.10.2021  104

Павлодарда мамандар өлкетану мәселелерін талқылады
16:37 22.10.2021  127

Павлодарда жанат тәрізді ит еркіндікке жіберілді (ВИДЕО)
16:22 22.10.2021  109

Павлодар облысында локдаун болуы мүмкін бе?
16:04 22.10.2021  124

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады - Бас еңбек инспекторы
15:27 22.10.2021  114

Павлодар облысында тұрмыстық қылмыс азайған
15:02 22.10.2021  116

Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов
14:34 22.10.2021  133

Павлодар ауданында тәртіп сақшысы тоғайда жоғалып кеткен тұрғынды тауып алды
14:07 22.10.2021  111

Қазақстанның вакциналау төлқұжатын Венгрия ғана мойындаған
13:28 22.10.2021  125

COVID-19: Павлодарда реанимацияға түскен сәбидің жағдайы белгілі болды
13:02 22.10.2021  123

Павлодарда инвесторларды қолдаудың механизмдері талқыланды
12:30 22.10.2021  142

Қазақстанда тоғыз банк жойылады
12:27 22.10.2021  130

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
12:03 22.10.2021  126

Павлодарда ескерткіштер жарықтандырылды
11:28 22.10.2021  134

Павлодар облысында халық санағын жүргізу бойынша Ақсу көш бастап тұр
11:01 22.10.2021  134

Жаһандық жылыну салдарынан жаңа індет пайда болуы мүмкін
10:20 22.10.2021  123

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
10:10 22.10.2021  142

Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған әйел адам өлі күйінде табылды
09:35 22.10.2021  157

Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді
09:22 22.10.2021  152

Павлодар облысында ауыл тұрғыны ашу үстінде ғашығын пышақтап өлтірді
08:52 22.10.2021  154

Павлодар облысында жұма күні қатты жел болады
08:21 22.10.2021  137

Екібастұз ауылдық аймағында шөп жанып кетті
08:01 22.10.2021  130

Мониторингтік топ Павлодардағы жоғары оқу орындарын тексерді
21:33 21.10.2021  161

Успен ауданындағы ірі қаралар неден ауырған?
21:02 21.10.2021  167

Павлодар азаматы мобильді қосымшаның көмегімен адамның эмоциясын оқуды ұсынады (ВИДЕО)
20:35 21.10.2021  155

Кенжекөлдің жанында сақ дәуіріне жататын ересек адамның сүйектері табылды
20:04 21.10.2021  192

Баянауыл ауданының тұрғынынан түсініктеме сұраған ауыл әкіміне сөгіс жарияланды
19:35 21.10.2021  173

Павлодарда алқабилердің қатысуымен адам өлтірген қылмыскерге қатысты үкім шығарылды
19:04 21.10.2021  197

Үлкен футбол Павлодар облысына қандай жағдайда оралады?
18:33 21.10.2021  253

Павлодарда «№1 автобус паркі» ЖШС сату бойынша сауда өтті
18:02 21.10.2021  186

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинаны сақтау талаптары қандай
17:31 21.10.2021  175

Павлодарда академик Ғарифолла Есімнің «Ғұлама-наме» кітабының тұсаукесері өтті
17:04 21.10.2021  186

Павлодарда мемлекеттік тіл мәселесіндегі тың проблеманың басы ашылды
16:20 21.10.2021  176

Президент: Достық үйлері жиналыстар мен салтанатты жиындар өтетін залға айналмауы тиіс
16:02 21.10.2021  178

Павлодарда түн ішінде тұз сұрап барған тұрғын айыппұл арқалады
15:29 21.10.2021  190

Баянауылда облыстық дәстүрлі әншілер байқауының жеңімпаздары анықталды
15:09 21.10.2021  118