Pavlodarnews.kz." /> Өткен жылдарға қарағанда жақсырақ: Железиндік аграрийлер жаңа астық туралы болжамдарымен бөлісті (ВИДЕО)
тек шынайы ақпарат
Жарнамаберушілерге
қазрус
Правительство для бизнеса
109
Өткен жылдарға қарағанда жақсырақ: Железиндік аграрийлер жаңа астық туралы болжамдарымен бөлісті (ВИДЕО) 16.09.2021

Өткен жылдарға қарағанда жақсырақ: Железиндік аграрийлер жаңа астық туралы болжамдарымен бөлісті (ВИДЕО)

Железин ауданына жұмыс сапары кезінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жергілікті диқандармен сөйлесті және «Ауыл -  Ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуымен танысты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймақ басшысы жұмыс сапарын аудан орталығынан бастады. Железинка ауылында ол алдымен  «У Салты» жол маңы қызмет көрсету кешеніне барды. Бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келе жатақан бекет ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерінің де, облыс орталығы мен ресейлік Омбы қаласының арасында жол жүретін жолаушыларының арасында да  аса танымал. Биыл кәсіпкерлерге кешен алдындағы 3,5 мың шаршы метр автотұрақты асфальттауға көмек көрсетілді. 

Тұрақты абаттандырған соң кешеніміздің бейнесі өзгерді, - деп атап өтті нысанның иесі Салтанат Кукузова. – Қазір біздің бекетте фуралардың жүргізушілері мен туристер көп тоқтайды, сондықтан бұл қолдау біз үшін аса қажет болды.  

Сонымен бірге Әбілқайыр Сқақов аудан орталығында Міржақып Дулатұлы атындағы №3 мектепте болды. Аймақ басшысы облыстық және республикалық байқауларда Железин ауданының атын шығарып жүрген дарынды оқушыларымен сұхбаттасып, оларға оқуда жетістіктерге жетуін тіледі.  

2 (1).jpg

- Оқушылардың көпшілігі үшін қашықтықтан оқу форматында өткен оқу жылы балалар мен ата-аналар, ұстаздар да білім алуға деген көзқарастарын өзгерту қажеттілігін көрсетті, - деді ол. – Біздің педагогтерге көп алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын. Олардың еңбегі мен табандылығының арқасында әрбір бала болашақ өмірлеріне қажетті базалық білім алады.    

«КАБ» ЖШС-де әкімге картопты жинаудың алғашқы нәтижелері туралы айтылды. Суармалы егіншілікпен айналысатын кәсіпорынның егістіктеріндегі астық шығымдылығы қазіргі кезде гектарынан 450 центнер және одан да жоғары көлемді көрсетіп отыр. Биылғы жылы кәсіпкерлер картопты сақтау үшін сыйымдылығы 3 мың тоннаны құрайтын жаңа көкөніс қоймасын салып, қолда бар қоймалардың қуаттылғын 11 мың тоннаға дейін жеткізді. 

- Біздің ауданның инвестициялық тартымдылығы аса жоғары, - дейді  «КАБ» ЖШС-нің жетекшісі Тимур Кабдулов. – Мемлекеттік көмектің арқасында даму мүмкіндігі бар. Келесі жылы тағы бір көкөніс қоймасын салуды жоспарлап отырмыз.      

4 (1).jpg

Әбілқайыр Сқақов субсидия түріндегі мемлекеттік қолдауға жауап ретінде аграрийлерді әлеуметік жауапкершілік танытып, өз өнімдерін өңірлік тұрақтандыру қорына тиімді бағамен тапсыруға шақырды. Бұл шара картоптың бағасы қымбаттайтын  маусымаралық кезеңде тауар интервенциясын жасауға мүмкіндік береді. 

Қарақұмық өндірушілері де аймақ басшысына алғашқы нәтижелер туралы айтты. Фермерлер астық жинауды жаңа бастаса да, алғашқы кезден-ақ гектарынан кемінде 15-18 центнер алуда. Жем-шөп дайындайтын аграрийлер жайылымдарды суландыру проблемасы туралы айтты.  «Агростатус» ӘКК басшысы Аяз Теміршотовтың айтуынша, мемлекеттік қолдауға қарамастан Железин ауданында өз алқаптарын сумен қамтамасыз ету үшін су асты көзін табу өте қиын.

- Шаруалар бұл мәселемен жалғыз өздері айналыспауы тиіс, - деп атап өтті облыс әкімі. - Бұл үшін геологтар мен мамандандырылған ұйымдар бар, олар судың дебетіне есеп бере алады. Жалпы, жайылымдарға келетін болсақ, өңірде шалғындандыру бағдарламасын әзірлеу жоспарланып отыр. Көпжылдық шөптерді бұрын олар өспеген жерлерде өсіру керек. Біз осы пилоттық жоба үшін бірнеше елді мекенді таңдаймыз. Сонда  жем-шөп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге де, жеке қосалқы шаруашылықтарға да жетеді.

Железиндік дәнді дақылдар өндірушілер де жақсы өнім күтуде. Мәселен, Новомир ауылдық округінде гектарынан кем дегенде 18 гектар алуда, бұрынғы жылдары астық шығымдылығы гектарынан 10,5 центнерден аспайтын. «Черепанов» шаруа қожалығының басшысы Георгий Черепанов мұндай табыстың кепілі кооперацияның жемісі екендігін айтты.  Қазіргі кезде кәсіпорын басқа үш қожалықпен әріптестік орнатқан. 

- Биылғы астық өткен жылдарға қарағанда анағұрлым шығымды, - дейді шаруалар. – Әдетте біз дәнді дақылдарды 22 жұмыс күні ішінде жинайтынбыз. Қазір ауа райын қарап жұмыс істейміз, сонда да егістікке шыққанда түнгі сағат екіге дейін егін орамыз.

Церковное ауылында аймақ басшысына «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтылды. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша мұнда орталықтандырылған су желісі тартылып, оған ауылдағы барлық 170 үй қосылды. 

- Біз кеңестік кезеңнен орталықтандырылған сусыз өмір сүрдік, - деді ауыл тұрғындары әкімге. – Әрбір демалыс сайын біз флягтарымызды, кастрөлдерімізді суға толтырып қоятынбыз. Қазір ондай проблема жоқ.  

Ауылға су келген соң мұнда басқа проблемаларды шешуге көшті.  «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының шеңберінде ауыл мектебінінң терезелері ауыстырылып, ауылішілік жолдар мен мәдениет үйі жөнделіп жатыр. 


Фото: Валерий Бугаев

Количество показов: 589

Возврат к списку

Pavlodarnews.kz АА материалдарын қолдану ережелері

Правительство для бизнеса
109

Жаңалықтар тізбегі

Павлодар әкімі қаладағы кейбір шамдардың неліктен жанбай тұрғанын түсіндірді
19:51 24.10.2021  7

Павлодардағы музыка мектебіне Чайковский туралы көрме экспозициясы сыйға тартылды
18:49 24.10.2021  14

Қаскелеңде көлік жолаушысы жолдың ортасында оқ жаудырды
17:42 24.10.2021  22

Павлодар облысында кинологтың иті металл ұрлығын ашып берді
16:24 24.10.2021  26

Өзбекстанда президент сайлауы өтіп жатыр
15:33 24.10.2021  27

Павлодар облысында балықшы суға батып кетті
14:25 24.10.2021  48

Германия Федералды Республикасында халықтың 70% КВИ-ге қарсы екпе салдырды
13:40 24.10.2021  34

Павлодарда қаруланған ер адамдар ұсталды
12:51 24.10.2021  41

Өнер жұлдыздары, Олимпиада жүлдегерлері, жекпе-жек шеберлері бозкілемде белдесті
11:34 24.10.2021  14

Павлодарда COVID-19 жұқтырушылар саны күн сайын артып келеді
10:28 24.10.2021  46

Қабанбайдың 329 жылдығы: ШҚО-да республикалық конференция өтті
09:16 24.10.2021  58

Жексенбіде Павлодар облысында жел күшейеді
08:03 24.10.2021  62

Алматы мен Түркістанда Өзбекәлі Жәнібековке ескерткіш орнатылады
21:20 23.10.2021  78

Қазақстанда ипотекалық қарыз бойынша кепілде тұрған үйді өндіріп алуға тыйым салынбақ
20:35 23.10.2021  101

Павлодарда ер адам кешкі ас дайындамаған әйелін соққыға жықты
19:29 23.10.2021  94

Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр
18:31 23.10.2021  86

Ақсулықтар қаланың 60 жылдығына орай Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін медальдармен марапатталды
17:44 23.10.2021  98

«Ақсу» Премьер-лигаға шықты
17:20 23.10.2021  101

Павлодарда коммуналдық жөндеулерден кейінгі көше жолдарын қашан қалпына келтіреді?
16:53 23.10.2021  101

Ақсуда шаһардың мерейтойына орай 60 көшет отырғызылды
16:18 23.10.2021  94

Павлодар бір тәулікте COVID-19 жұқтыру көрсеткіші бойынша екінші орынға шықты
15:50 23.10.2021  98

Қазақстан Қырғызстанға әскери көмек көрсетеді
14:52 23.10.2021  91

Ақсу тұрғындарына қаланың мерейтойына орай жаңа пәтер кілті табысталды
13:45 23.10.2021  115

Павлодарда Saryarqa samaly газетінің алғашқы редакторына тағзым тақта ашылды (ВИДЕО)
13:20 23.10.2021  191

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды
12:39 23.10.2021  125

Қазақ тіліне жүргізілетін реформаның бағыттары аталды
11:35 23.10.2021  138

Бүгін футбол! «Ақсу» жанкүйерлерді стадионға шақыруда
10:17 23.10.2021  142

Әуезов театры республикалық «Комедия» байқауын жариялады
09:14 23.10.2021  137

Сенбіде Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
08:01 23.10.2021  130

Павлодар өңіріне жұмыс сапарымен келген Нұржан Жетпісбаев жастар өмірімен танысты
21:27 22.10.2021  151

Баянауылда Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
21:02 22.10.2021  150

Аққулыда күзгі кросс өтті
20:27 22.10.2021  159

Екінші Павлодардағы мәселелерді шешу жұмысы әлі де жалғасады
20:13 22.10.2021  173

«Ақсу» - «Оқжетпес»: Жерлестеріміз қарымта қайтара ма?
20:04 22.10.2021  188

Павлодарда өрт кезінде әйел адамды күйік шалды
19:02 22.10.2021  167

Грузия туристерді қысқы курорттарға қабылдауға дайын
18:32 22.10.2021  174

Павлодарда демалыс күндері екпені қай жерден алуға болады
18:06 22.10.2021  163

Нұр-Сұлтанда жүрек донорларының құрметіне арт-нысан ашылды
17:31 22.10.2021  176

Қалқаманда 35 жыл бойы жөнделмеген балабақша ретке келтірілді
17:05 22.10.2021  169

Павлодарда мамандар өлкетану мәселелерін талқылады
16:37 22.10.2021  194

Павлодарда жанат тәрізді ит еркіндікке жіберілді (ВИДЕО)
16:22 22.10.2021  185

Павлодар облысында локдаун болуы мүмкін бе?
16:04 22.10.2021  186

Жұмыс берушілер вакцина алмағандарды жұмыстан өтемақысыз шеттете алады - Бас еңбек инспекторы
15:27 22.10.2021  188

Павлодар облысында тұрмыстық қылмыс азайған
15:02 22.10.2021  181

Білім саласының 270 қызметкері жемқорлыққа жол бергені үшін жазаланды - Марат Ахметжанов
14:34 22.10.2021  204

Павлодар ауданында тәртіп сақшысы тоғайда жоғалып кеткен тұрғынды тауып алды
14:07 22.10.2021  176

Қазақстанның вакциналау төлқұжатын Венгрия ғана мойындаған
13:28 22.10.2021  204

COVID-19: Павлодарда реанимацияға түскен сәбидің жағдайы белгілі болды
13:02 22.10.2021  208

Павлодарда инвесторларды қолдаудың механизмдері талқыланды
12:30 22.10.2021  211

Қазақстанда тоғыз банк жойылады
12:27 22.10.2021  205

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
12:03 22.10.2021  198

Павлодарда ескерткіштер жарықтандырылды
11:28 22.10.2021  198

Павлодар облысында халық санағын жүргізу бойынша Ақсу көш бастап тұр
11:01 22.10.2021  207

Жаһандық жылыну салдарынан жаңа індет пайда болуы мүмкін
10:20 22.10.2021  189

Павлодар облысында жоғалып кеткен әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
10:10 22.10.2021  210

Павлодар облысында жұмбақ жағдайда жоғалған әйел адам өлі күйінде табылды
09:35 22.10.2021  232

Коронавирус: Латвияда карантин талабын бұзғандар 5 мың еуро төлейді
09:22 22.10.2021  221

Павлодар облысында ауыл тұрғыны ашу үстінде ғашығын пышақтап өлтірді
08:52 22.10.2021  216

Павлодар облысында жұма күні қатты жел болады
08:21 22.10.2021  211

Екібастұз ауылдық аймағында шөп жанып кетті
08:01 22.10.2021  199