«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді

«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді

2024 жылғы 30 тамызда сағат 10:00-де «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында «Қазақстанның ұлттық қазынасы» әлеуметтік-мәдени жобасының тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

«Қазақстанның ұлттық қазынасы» жобасы Қазақстан темір жолының 120 жылдығына және ҚР Ұлттық музейінің 10 жылдығына арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституция күніне және Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өткізілуіне орайластырылған. Көрмелер жолаушылар мен елорда қонақтарының назарын аударып, қазақ мәдениетіне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді деп күтілуде.   

Іс-шараға Мәдениет министрлігі, әкімдік, Ұлттық музей, 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері және т. б. қатысады.