Павлодарда алғаш рет мерейтойлық LowKzMeet автофестивалі ұйымдастырылады
Іс-шара Ertis Pavlodar ипподромында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, фестивальге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген ерекше әрі эксклюзивті автокөлік әкелінеді. Көрермендер үшін арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр.
– Егер көлігіңіз ерекше дизайнымен көзге түсіп, көпшіліктің назарын аударуға лайық болса, фестивальге қатысуға өтінім бере аласыз. Өтінімдер lowkzmeet.kz сайтында қабылданады. Үздік жобалар іріктеліп, фестивальге қатысу мүмкіндігіне ие болады, – делінген хабарламада.
Іс-шара Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Автофестиваль 5 қыркүйекте сағат 13:00-ден 21:00-ге дейін Ertis Pavlodar ипподромында өтеді.
Кіру тегін.