Pavlodarnews.kz АА сайтын пайдалану шарттары мен ережелері
1. Сайтты пайдаланудың жалпы ережелері
1.1. Сайтта журналистердің зияткерлік еңбегінің заңмен қорғалатын нәтижелері: мәтіндер, фотосуреттер, бейнематериалдар, графикалық кескіндер, логотиптер және т.б. (бұдан әрі - материалдар) орналастырылған. Олардың барлығы иесіне – Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігіне тиесілі.
1.2. Пайдаланушы болып – сайтқа кіруге мүмкіндігі бар кез келген тұлға немесе ұйым (бұдан әрі – пайдаланушы) саналады.
1.3. Сайтты пайдалану пайдаланушының осы келісімнің барлық шарттарын қабылдайтынын және оларды сақтауға міндеттенетінін білдіреді.
1.4. Pavlodarnews.kz АА кез келген уақытта ешбір ескертусіз толық немесе ішінара өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Ереженің жаңа нұсқасы сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
1.5. Pavlodarnews.kz АА материалдарын пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі.
1.6. Сайт материалдарын заңсыз пайдаланған пайдаланушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.
1.7. Ережелерді білмеу оларды сақтау қажеттілігінен және жауапкершіліктен босатпайды.
2. Сайтта жарияланған материалдарды пайдалану шарттары
2.1. Pavlodarnews.kz сайтында орналастырылған барлық материалдар, ақпараттық агенттіктерден және басқа интернет-ресурстардан алынған материалдарды қоспағанда, осы бөлімде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, кез келген БАҚ-та қайта басылуы мүмкін.
2.2. Материалдарды пайдаланудың міндетті шарты негізгі дереккөз ретінде Pavlodarnews.kz сайтындағы материалдың өзіне белсенді гиперсілтеме болып табылады. Ол мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек.
2.3. Материалдардан дәйексөз алынған кезде міндетті түрде сайтқа сілтеме жасалуы тиіс.
2.4. Instagram желісіндегі материалдарды пайдалану кезінде – мәтіннің бірінші абзацында Pavlodarnews.kz АА ресми аккаунтына – @qaz.pavlodarnews.kz белсенді сілтеме болуы керек.
2.5. Telegram-дағы материалдарды пайдаланған кезде мәтіннің бірінші абзацында ақпарат агенттіктің – pavlodarnews ресми аккаунтына белсенді сілтеме немесе Pavlodarnews.kz сайтындағы материалға белсенді гиперсілтеме болуы керек.
2.6. Pavlodarnews.kz АА авторлық фото және бейнематериалдарын көшіруге, таратуға немесе жариялауға логотипті немесе экранды сақтау арқылы рұқсат етіледі. Автордың аты-жөні сайтта көрсетілген болса, міндетті түрде жазылуы тиіс. Сайттың фотоматериалдарындағы логотипті және бейнематериалдардағы кіріспесін қиюға және қайта жазуға тыйым салынады. Фотосуреттерді жариялау кезінде кез келген өзгертулерге тыйым салынады.
3. Сайтта пікір жазу және тіркелу ережелері
3.1. Сайттың барлық қолданушылары оған тіркеліп, оқу тізімдерін жасау, авторларға жазылу және т.б. мүмкіндіктерге ие бола алады. Ол үшін пайдаланушы логинын, электрондық поштасын және құпия сөзді көрсету керек. Тіркелу кезінде қорлайтын мәлімдемелер / сөз тіркестері / сөздер, балағат сөздері бар немесе соны білдіретін логиндерді немесе поштаны пайдалануға тыйым салынады.
3.2. Материалдардың астына пікір қалдыру үшін аты мен электрондық пошта мекенжайын көрсету керек. Аты мен электрондық пошта мекенжайын көрсету сайттың пайдаланушысы ретінде тіркелу болып табылмайды.
3.3. Сайттың барлық қолданушылары осы бөлімде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, сайтта жарияланған кез келген материалдарға пікір қалдыра алады. «Аты» бағанында қорлайтын сөздерді/сөз тіркестерін/сөздерді, балағат сөздерді қамтитын немесе тұспалдап көрсетуге тыйым салынады.
3.4. Қолданушылардың пікірлері олардың субъективті ойларының көрінісі болып табылады. Бұл редакцияның пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін. Pavlodarnews.kz АА редакциясы қолданушылардың пікірлері мен олардың пікірлерінің мазмұнына жауапты емес.
3.5. Материалдарға пікірлерде мыналарды жазуға тыйым салынады:
· Материалдың авторлары немесе кейіпкерлері туралы құпия ақпаратты, егер пайдаланушы осы ақпараттың иесі болмаса, яғни бұл ақпаратты өз бетінше жасаған немесе заң негізінде немесе келісімшарт арқылы оған рұқсат беру немесе шектеу құқығын алған адам болмаса. Немесе егер пайдаланушы құпия ақпараттың иесі болса, бірақ заңмен шектеулі немесе оған осындай ақпарат берілген келісім-шарттың талаптарымен, мұндай жолмен ақпаратты ашуға құқықтар жеткіліксіз болса;
· Материалдың авторларын немесе кейіпкерлерін, басқа пікір білдірушілерді қорлайтын ақпарат;
· Адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне немесе ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін немесе нұқсан келтіруі мүмкін, не кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзатын ақпарат;
· Балағат сөздер;
· Қорқыту, зорлық-зомбылыққа шақыру, құқық тәртібі мен қоғамдық мораль негіздеріне қайшы заңсыз әрекеттер жасауға шақыру;
· Кез келген сайттардың, компаниялардың және өнімдердің жарнамасы бар үшінші тарап ресурстарына сілтемелер;
3.6. Pavlodarnew.kz АА редакциясы кез келген уақытта және өз қалауы бойынша пікір қалдыру ережелерін өзгерте алады немесе бұл мүмкіндікті алып тастай алады.
3.7. Тіркелген пайдаланушылар немесе пікір авторлары шарттарды орындамаса, модератор пайдаланушыны желіден шығаруға, пікір иесінің пікірін жариялауға келісім бермеуге құқылы. Сайт әкімшілігі кез келген уақытта ескертусіз және себептерін түсіндірместен желіден материалдар мен пайдаланушыларға қатысты кез келген пікірлерді өшіріп тастай алады.