«Ertis» маусым алдындағы матчтар сериясын бастайды
1 тамызда павлодарлық клуб «PSO» хоккей командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ойын Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында сағат 13:15-те басталады.
Клубтың мәліметінше, матчқа кіру тегін.
Бұл кездесу жаңа маусым қарсаңындағы алғашқы сынақтардың бірі болмақ. Жанкүйерлер жаңарған құрамның ойынын тамашалап, команданы қолдай алады.
Еске салайық, бұған дейін «Ertis» хоккей клубының бас бапкері болып Владимир Оленченко, ал оның көмекшісі болып Вячеслав Нечвиенко тағайындалған болатын. Жаңа жаттықтырушылар штабы команданы алдағы чемпионатқа дайындайды.