Павлодарда еркін күрестен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Павлодарда еркін күрестен республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Фото: Pexels.com/Eugene Bolshem

Спортшылар тоғыз салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда Жұматай Кенжеғалиевті еске алуға арналған 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы еркін күрестен XXIII республикалық турнир өтті. Жарысқа Қазақстанның 18 командасынан 456 балуан, сондай-ақ Қырғызстан өкілдері қатысты.

Бұл жарыс Павлодарда ұйымдастырылған күрес додалары бағдарламасының жалғасы болды. Оның алдында қалада UWW халықаралық күрес федерациясының жаңартылған ережелеріне арналған республикалық семинар өткен еді. Онда жаттықтырушылар, төрешілер мен спортшылар алдағы жарыстарда қолданылатын жаңа талаптарды талқылады.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде павлодарлық Наиль Сұлтанов жеңімпаз атанды. Ал 45 келіге дейінгі салмақта Ансар Амангелді күміс жүлдеге ие болды. Тағы бір қола медальді 48 келіге дейінгі салмақта Алдияр Сағындық иеленді.