Павлодарлық жас хоккейшілер «QULAGER» командасын ірі есеппен жеңді

Павлодарлық жас хоккейшілер «QULAGER» командасын ірі есеппен жеңді
Ольга Бугаеваның иллюстрациялық фотосуреті

«Ertis – 2010» командасы Қазақстан чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында павлодарлық «Ertis – 2010» өз алаңында Петропавлдың «QULAGER» командасын қабылдады.

Марк Вакуленко жаттықтыратын павлодарлық хоккейшілер қарсыластарын 8:2 есебімен жеңді.

Бұған дейін «Ertis – 2010» елордалық «Бригантина» командасымен екі кездесу өткізіп, 9:2 және 7:6 есебімен басым түскен болатын.

Павлодарлықтар ертең Қазақстан чемпионаты аясында «QULAGER» командасымен екінші кездесуін өткізеді.