Павлодар жастары бір кешке Хогвартс әлеміне енеді

Павлодар жастары бір кешке Хогвартс әлеміне енеді
ЖИ иллюстрациясы

Қалада «Гарри Поттер» әлеміне арналған тақырыптық кеш ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, шараға барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қонақтарға фильм желісі бойынша ойындар, байқаулар, викториналар мен интерактивті тапсырмалар дайындалады.

Қатысушылар факультеттерге бөлініп, түрлі «сиқырлы» сынақтардан өтеді. Бағдарламада фильм көру, музыка және еркін қарым-қатынас та қарастырылған.

– Бір кешке сиқырлы әлем мен қызықты оқиғаларға бірге саяхат жасаймыз. Өзіңізді Хогвартстың нағыз студенті ретінде сезінуге мүмкіндік алыңыз, – дейді ұйымдастырушылар.

Кеш соңында байқаулардың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтар табысталады.

Қонақтарға тақырыптық дресс-код ұсынылады. «Гарри Поттер» кейіпкерлерінің образымен, мантиямен, факультет түстеріндегі киіммен немесе тақырыпқа сай аксессуарлармен келуге болады.

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Толық ақпаратты 8 700 661 70 11 нөмірі арқылы Анельден білуге болады.