Павлодарда бірқатар автобус маршруттары өзгереді

Павлодарда бірқатар автобус маршруттары өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 9 қазан сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Бекмаханов-Шевченко көшелерінің шекарасындағы Қамзин көшесі бойымен автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Дегенмен, Қамзин көшесі - Шевченко көшесі және Қамзин көшесі - Бекмаханов көшесінің қиылыстары ашық болады.

Осыған байланысты №2, 9, 11, 52, 55 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.

№2, 9, 11, 52, 55 автобус маршруттары Қамзин көшесімен оңтүстікке қарай жүрген кезде, осы учаскені Қамзин – Толстой – Кіші айналма жол – Бекмаханов – Қамзин көшелерімен айналып өтетін болады және маршрут бойынша әрі қарай жалғасады. Кері бағытта да (солтүстікке қарай) дәл осындай өзгерістер енгізілген.