Мысырда дүкендер ерте жабылып, жарық беру шектелді

Мысырда дүкендер ерте жабылып, жарық беру шектелді
Фото: pixabay.com

Мысыр жанармай дағдарысы аясында үнемдеу шараларын енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әрекеттері Ормуз бұғазының жабылуына әкеліп, әлемдік жанармай дағдарысын туындатты. Салдарынан мұнай мен газ тасымалдайтын мыңдаған танкер қозғалысы шектелді.

Елде жанармай бағасы 14–30%-ға қымбаттады. Дегенмен, Мысыр билігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеп, бірқатар үнемдеу шараларын енгізді. Мәселен, елдегі дүкендер, сауда орталықтары мен мейрамханалар кешкі сағат 21:00–де (бейсенбі және жұма күндері — 22:00–де) жабылатын болды.

Сонымен қатар:

— Мемлекеттік қызметкерлерге арналған жанармай лимиті 30%-ға қысқартылды;

— Көшедегі жарықтандыру мен жарнама 50%-ға азайтылды;

— 1 сәуірден бастап жексенбі күндері мемлекеттік қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Малайзияда да шенеуніктер қашықтан жұмысқа көшті, Филиппинде төрт күндік жұмыс аптасы енгізілді, ал Таиланд пен Вьетнамда мемлекеттік қызметкерлерге жолға аз шығу ұсынылды.