Павлодарда бірқатар мекенжайда су уақытша өшіріледі
Тұрғындарға алдын ала су жинау ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10 сәуір күні Жеңіс алаңы, 3 мекенжайында сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 10 сәуір сағат 23:00-ден 11 сәуір сағат 3:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:
- Лермонтов көшесі, 45, 45/1, 45/2, 47, 49, 49/1, 49/2, 51, 51/1;
- Академик Сәтбаев көшесі, 33, 33/1, 39;
- Қайырбаев көшесі, 36;
- Академик Бектұров көшесі, 54;
- Жеңіс алаңы, 3.
Коммуналдық қызмет өкілдері уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрап, тұрғындарға алдын ала су жинап алуды ұсынады.