NASA Starliner басқаратын ғарыш кемесінің алғашқы ұшырылымын кейінге қалдырды
Ұшырылымға екі сағат қалғанда АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Boeing компаниясының Starliner басқаратын ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) алғашқы ұшырудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік БАҚ 7 мамыр күні таңертең хабарлағанындай, бұған Starliner-ді орбитаға шығаруы тиіс United Launch Alliance (ULA) өндірген Atlas-V зымыран тасығышының оттегі шығару клапанындағы ақау себеп болған.
Starliner басқарылатын ғарыш кемесі 6 мамырда Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша сағат 22:34-те ұшырылады деп жоспарланған болатын. NASA астронавтары Бэрри «Бутч» Уилмор мен Сунита Уильямс Жерге оралмас бұрын ХҒС-та шамамен бір апта болады деп болжанған.
NASA басшысы Билл Нельсонның X әлеуметтік желісінде ұшырудан бас тарту туралы түсініктеме бергенінде оның басты басымдығы ғарышкерлердің қауіпсіздігі екенін айтты.
«Біз дайын болған кезде ұшырамыз», - деп қосты ол нақты күнді атамай.
Boeing SpaceX-пен бірге NASA-ның Commercial Crew Program бағдарламасына қатысады. Оның мақсаты – ғарышкерлерді ғарышқа жеткізу. Boeing NASA келісімшарты бойынша экипаж капсуласын әзірлеу үшін 5 млрд доллардан астам, ал SpaceX 3,1 млрд доллар қаражат алды. SpaceX астронавттарды Crew Dragon кемелерімен тасымалдау бойынша бірнеше миссияны орындады.