Павлодарда автобустардың жүру бағыты өзгереді

Павлодарда автобустардың жүру бағыты өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала көшелерінің бірінде жол төсемін алу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 мамыр күні Айманов көшесі бойынша автобустардың қозғалысы шектеледі:

  • сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін Айманов көшесінің оңтүстік жағынан (Благовещенский соборы, көпір, жағалау шағын ауданы). Жағалау шағын ауданына автобустардың кіруі солтүстік жағынан (Баян батыр көшесі арқылы) жүзеге асырылады;
  • сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін Айманов көшесінің солтүстік жағынан (Олжабай батыр аялдамасы (Мира), жағалау шағын ауданы). Жағалау шағын ауданына автобустардың кіруі Айманов көшесінің оңтүстік жағынан (Благовещенский соборы, Гусиный перелет) жүзеге асырылады.