Павлодарлық өрт сөндірушілер өрттің көрші үйге таралуына жол бермеді

Павлодарлық өрт сөндірушілер өрттің көрші үйге таралуына жол бермеді
Фото: Павлодар облысының ТЖД

Жеке тұрғын үйдің ағаш құрылғылары жанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 19:09-да Роза Люксембург көшесіндегі жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу 40 қызметкер мен 9 техника шықты. Ашық жерде жеке тұрғын үйдің ағаш құрылғылары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Үй иелері өз күштерімен көшірілді, – деді баспасөз орталығында.

Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупін жойды. Өрт 19:52-де толығымен жойылды. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады.