Павлодарда бау-бақша мен бөбекжай-бақша жарықсыз қалады

Павлодарда бау-бақша мен бөбекжай-бақша жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 наурыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • «Клен» бау-бақшасы, «Абай» ЖШС, «Қасқырбаев ЖК» жанармай бекеті, «Хасенов ЖК» өнеркәсіп базасы, «Жұлдыз» ШҚ;
  • Солтүстік өнеркәсіп аймағы, 108, 128, 400 – «Реченька» бау-бақшасы, 498, 522, 594;
  • Орталық өнеркәсіп аймағы, 89;
  • Қайыңды көшесі, 10, 224;
  • 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы, 7-ші, 8-ші Жаңаауыл көшелері бойындағы тұрғын үйлер;
  • Назарбаев – Краснодонская – Семенченко – Каз.Правды көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
  • Циолковский көшесі, 12;
  • Павлов көшесі, 82/1 – №46 бөбекжай-бақшасы, 84/1.