Павлодарлықтар туризм бойынша 20 медальді жеңіп алды
Сайыс Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм орталығының «СЮТур» балалар аула клубының «Эдельвейс» және «Вертикаль 14» туристік клубтарының 15 тәрбиеленушісінен құралған команда, облыстың намысын жүгіру арқылы бағдарлау бойынша қорғады. Қазақстан кубогы жарысы 21 - 25 қыркүйекте Астана, Алматы, Павлодар қалаларының, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарының командаларының қатысуымен Риддер қаласында өтті.
- Жарыс өткізілген аймақ қатысушылар үшін бейтаныс болды. Ауа-райы қатысушыларды қатты жаңбырмен сынады. Сайыскерлерге желдің екпінді соққысына төтеп беріп, тығыз өсінділерді жеңуге тура келді. Осындай кедергілерге қарамастан керемет бәсекелестік болды. Павлодарлықтар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Барлық қашықтықтарды соңына дейін өтті, - дейді «Эдельвейс» туристік клубының жетекшісі Оксана Дьяченко.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар командасы «Длинная», «Средняя», «Спринт» арақашықтықтарында 4 алтын, 6 күміс және 10 қола медальді павлодарлықтар қанжығасына байлады.