Павлодарда әйел проблемалары туралы телехикая шықты
«Неизбежные потери» атты фильмді желіден көруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Телехикая сценарисі, қоюшы режиссері, оператор әрі монтажері павлодарлық Дастан Ысқақов. Қысқа метражды сериал әйелдердің күнделікті өмірінде кездесетін проблемалар: үйдегі зорлық-зомбылық, күйеулер лудоманиясы және жалғыз басты аналар туралы баяндайды. Кино - Procast cinema студиясының өнімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тұсаукесер серия 8 наурыз Әйелдер күніне орай шықты. «Жанна» деген тақырыппен шыққан ол Жанна Ізбасарқызы есімді бизнес-ледидің ісін суреттейді. Оның қарамағындағы құбыр шығаратын кәсіпорын қаржылық дағдарысқа тап болады да, Жаннаның әріптесі Виктор дер кезінде ақша салуға дайын инвестор табады. Алайда инвестордың ойы Жанна мен Виктордың жағдайының жақсаруы емес, басқаша болып шығады...
Рөлдерде - Дина Кашенова, Руслан Қайырбаев, Олег Сильванович, Артур Поляков, Гүлдана Баязханова, Мұрат Траисов.
Екінші серия «Самал» деп аталады. Ол күні кеше желіде жарияланды. Серия балалар үйінен өсіп шыққан Самал атты қыздың ауыр өмірі мен оның өмірлік жары Жеңіспен қарым-қатынас туралы баяндайды. Рөлдерді Әлия Рамазанова, Диас Дүйсен, Алексей Пелип, Анастасия Крошина, Бағадат Айғазинов сомдайды.
«Неизбежные потери» хикаясын @procast.cinema Instagram-парақшасынан тамашалауға болады.