Әлемде ең жиі қолданылатын танымал құпиясөздер анықталды

Әлемде ең жиі қолданылатын танымал құпиясөздер анықталды
Фото:pixabay.com

NordPass бағдарлама жасаушылары биылғы жылдың топ-20 парольдің тізімін жариялады, деп хабарлайды @Kazinform NordPass ресурсына сілтеме жасап.

Желі қолданушылары әдетте аккаунттарына ең оңай құпиясөз қояды. Сарапшылар дерегі де осыны растады.

NordPass құпиясөз менеджерлері 2023 жылғы ең танымал 20 құпиясөз тізімін жасап шықты.

Сонымен адамдар деректерін көбіне 1-ден 6-ға дейінгі сандарды пайдаланып «қорғайтын» болып шықты — «123456».

Мұндай құпиясөзді интентет қолданушылар 4 524 867 рет пайдаланған.

Екінші орында «admin» тұр. Ол 4 008 850 мәрте қолданылған.

Сарапшылардың айтуынша, арнайы бағдарламалық жабдығы бар хакерлер мұндай құпиясөзді бірнеше секунд ішінде тауып алады.

Былтыр ең әлсіз құпиясөз рейтингінде көш басында тұрған «password» биыл жетінші орынға түсіп қалды.

Сонымен қатар желі қолданушыларының сүйікті құпиясөздерінің қатарында «unknown» және 0000 комбинациялары, пернетақтада бірінен кейін бірі орналасқан сан немесе әріптен құралғандары бар. Мысалы «123», «1234», «12345», «12345678», «123456789», «1234567890», «Aa123456» секілді.