Әзербайжанда мобильді интернет жылдамдығы 33,5 пайызға артты

Әзербайжанда мобильді интернет жылдамдығы 33,5 пайызға артты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаһандық кеңжолақты және мобильді байланыстың сапасын бағалайтын Ookla компаниясы шілде айындағы Speedtest Global Index есебін жариялады, деп хабарлайды Kazinform АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

Әзербайжанның Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар агенттігінің мәліметінше, елдегі тіркелген кеңжолақты интернеттің медианалық жылдамдығы 92,52 Мбит/с, ал мобильді интернет жылдамдығы 99,53 Мбит/с болды.

Жылдық көрсеткішпен салыстырғанда тіркелген кеңжолақты интернет жылдамдығы 9,43 Мбит/с-қа (11,35%), ал мобильді интернет жылдамдығы 24,96 Мбит/с-қа (33,47%) артқан.

Бакуде шілде айында тіркелген кеңжолақты интернеттің медианалық жылдамдығы 92,65 Мбит/с, ал мобильді интернет жылдамдығы 121,54 Мбит/с болды. Бір жылда елордадағы тіркелген интернет жылдамдығы 11,13%-ға, мобильді интернет 31,85%-ға өскен.

Мамандардың пікірінше, интернет жылдамдығының артуы елдегі цифрлық трансформацияның, электронды қызметтерге сұраныстың және қашықтан жұмыс істеу мен білім алу мүмкіндіктерінің кеңеюін көрсетеді.