Аққулы ауданында Әкелер күні өтті
Шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі әкенің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, мектептерде күзгі демалыс кезіндегі жоспарды асыру аясында біртұтас тәрбие бағдарлама бойынша Әкелер күні өткізілді.
– Бала тәрбиесінде әкелердің қомқорлығы мен отбасылық міндеттері жайлы түсінік беру, мектеп оқушыларының түрлі келеңсіз оқиғаларға бой алдырмауларын қалыптастыруда әкелердің жауапкершіліктерін арттыру маңызды, – дейді ұйымдастырушылар.
Шара оқушыларды тәртіпті болуға, мектептің ережесін орындауға бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауға, отбасында ата-ананың тәрбиесін дұрыс қалыптастыруға бағытталған.
Әр аудан мектебінде түрлі форматта жоспар бойынша шаралар өткізілді: «Әкенің орны бір бөлек», «Келіңіз, сұхбаттасайық!», «Әке отбасындағы балалары үшін қандай үлгі-өнеге көрсетуі керек?», «Менің әкем алтыннан да қымбат» атты ойын, қамшы өру шеберлік сағаттары мен спорт жарыстары.
Шараның соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді.