Успен ауданында үш тілді жастарға арналған байқаулар ұйымдастырылады

Успен ауданында үш тілді жастарға арналған байқаулар ұйымдастырылады
Канстантин Шелковтың иллюстративті фотосы

Іс-шара тамыз және қыркүйек айларында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Салтанат Альпеисованың айтуынша «Тіл шебері» байқауына 16 жастан 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Ал «Тіл- достықтың құралы» атты аудандық фестивальда жас ерекшелігі ескерілмеген.

– Бұл байқаулардың басты мақсаты – жастардың тілге деген қызығушылығын арттыру және үш тілде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту. Жастардың білім мен шығармашылық әлеуетін қолдау басты назарымызда, – дейді ол. 

Сонымен қатар, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Абай оқулары да биыл 8 тамыз күні ұйымдастырылады. Себебі 10 тамыз Абай күні демалысқа түсетін болғандықтан, шараның күнін ыңғайлы уақытқа ауыстыру көзделген.

Байқаулар мен оқулар жастардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткізіледі.