Ақтоғай ауданында мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті

Ақтоғай ауданында мәдениет үйінің шатыры ұшып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сонымен қатар металлосайдинг құлаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі мәдениет үйінің директоры Сандуғаш Мұқанованың айтуынша, 2023 жылғы 23 қазанда ауа райының нашарлауынан және желдің күшеюінен Шолақсор ауылында мәдениет үйінің шатыры мен металлосайдингтің ішінара бұзылуы тіркелген.

– Мәдениет үйінде биыл «ГрадСтройСервис» ЖШС күрделі жөндеу жүргізген, – дейді Сандуғаш Мұқанова. 

Бас мердігер ұйым 24 қазанда кепілдік міндеттемесі шеңберінде шатырдың және металлосайдингтің бұзылуын жою жөніндегі жұмысты бастайды және 14 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, Павлодарда қатты желден жұмыс істемейтін базар аумағында қатты желдің салдарынан шатыр ұшып кетіп, екі автокөлік зақымданды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жалобы Павлодар (@zhaloby_pavlodar)