Павлодарда ұрланған көлік он бес минуттың ішінде табылды

Павлодарда ұрланған көлік он бес минуттың ішінде табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ұры полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны @dp_pavlodar Instagram парақшасына полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Әділмұрат Бергентай, Фархад Зайнутдинов, Берік Саханов, Фаруз Кусембеков, Жәнібек Шәкіров және Рахим Ибраевқа ризашылығын білдіріп, алғыс хат жолдаған. 

Хаттың авторы полицейлердің сауатты және жедел әрекетінің арқасында ұрланған көліктің тез арада табылғанын атап өтті.

Майра көшесі, 15 үйдің ауласынан көлік ұрлап кеткен. Шақыртуға жедел ден қойған полицейлер түскі уақытта ер адамның «Ауди 100» көлігін ауласына қойғанын анықтады, – дейді қала тұрғыны.

Көліктің артқы есігі құлыпталмауы қылмысқа себеп болған. Қала бойынша бірден ұрланған көлікті ұстау жоспары енгізілді. 

Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Рахим Ибраев, Фархат Зайнутдинов 15 минуттың ішінде Мәшһүр Жүсіп пен Амангелді көшелерінің қиылысында тиісті бағдары бар автокөлікті байқаған. 

Ұрланған көлік табылып, ұры полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.