Екібастұздық ферросилиций Еуропаға экспортталады

Екібастұздық ферросилиций Еуропаға экспортталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жаңа өндірістің жобалық қуаты 60 мың тоннаны құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерқанат Әбенов Екібастұз қаласынан «Kazferro Limited» ЖШС директорының орынбасарымен кездесті.

Кеншілер қаласында ферроқорытпа өндірісін ұйымдастыру жобасын іске қосу арқылы компания ферросилиций және микросилика сияқты өнімдерді алады. Оларды ТМД, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде сатуға ниетті. Өндіріске салынған инвестициялардың жалпы көлемі 26 миллиард 762 миллион теңгені құрауы тиіс.

Кәсіпорын жыл сайын 64 мың тонна ферросилиций және 9,6 мың тонна микросилика өндіреді деп жоспарлануда. Бұл 379 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жалпы, мұнда тұтас тауарлық «тауашаны», сондай-ақ зауыттың «айналасында» шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау күтілуде.

Жобаны іске асыруға банктік қаржыландыру қазірдің өзінде мақұлданған. Қытайдан жабдықтар жеткізуге келісімшарттар жасалды.

Өнімді өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде.

Кездесу барысында Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы осы инвестициялық жобаны сүйемелдейтін болады деген уағдаластыққа қол жеткізілді. Қиындықтар туындаған кезде оған байланысты мәселелер өңір прокуратурасымен бірлесіп жұмыс істейтін «Атамекен» ӨКП жанындағы фронт-офистің немесе облыс әкімдігі жанындағы Инвестициялық штабтың қарауына байланысты болуы мүмкін.