Екібастұздық спортшылар АЭС құрылысын қолдайды

Екібастұздық спортшылар АЭС құрылысын қолдайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар атом электр станциясының баламасы жоқ екеніне сенімді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық және қалалық Халықтық штабтардың жұмысы «Жасыбай» БЖСМ-де жалғасты. 

Экспромт кездесуде Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 6 қазанда өтетін референдум мен Президент Жолдауының жүзеге асырылу барысы талқыланды. 

6 қазанда жасайтын таңдауымыз әрі қарайғы экономикалық өркендеуіміздің негізі болады. Біз күнделікті тұрмыста электр энергиясынан қуат алып келеміз, енді елімізге қуат беретін сәт туды, – деді қатысушылар.

Халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде жеңіс тұғырынан көрінген жас спортшыларды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушылар елімізде АЭС салудың маңызы мен артықшылығы туралы ақпаратты ұйып тыңдады.