Өрт қауіпті кезеңге дайындық: Павлодар облысында радиобайланыс операторларына оқыту өткізілді

Өрт қауіпті кезеңге дайындық: Павлодар облысында радиобайланыс операторларына оқыту өткізілді
фото: Константин Шелков

Радиобайланыс – орман қорғау қызметінде ерекше маңызға ие, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көктем-жаз айларында орман өрттерінің қаупі арта түсетіні белгілі. Осыған байланысты «Ертіс Орманы» табиғи резерватының Шалдай филиалында өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дайындықтың маңызды бөлігі – орман қорғау қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Осы орайда, филиалдың радиобайланыс операторларына арнайы оқыту ұйымдастырылды.

– Оқыту барысында техника қауіпсіздігі – қызметкерлердің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін негізгі ережелер түсіндірілді.Сондай-ақ, қызметтік міндеттер – операторлардың жұмыс барысындағы негізгі жауапкершіліктері, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету тәртібі қарастырылды, –  деді «Ертіс Орманы» табиғи резерватында.

Оған қоса, рация арқылы байланыс жүргізу – радиобайланыс құралдарын тиімді пайдалану, дұрыс хабарлама беру және қабылдау ережелері үйретілді.

Радиобайланыс – орман қорғау қызметінде ерекше маңызға ие. Ол өрттің алдын алу және жедел сөндіру кезінде қызметкерлердің жылдам әрі тиімді әрекет етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан осындай оқыту шаралары орман шаруашылығы саласында аса қажет.