Павлодар облысы мен Қарағанды облысын жалғайтын жол жабылды

Павлодар облысы мен Қарағанды облысын жалғайтын жол жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 ақпан күні сағат 18:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына (жаңбыр, қар аралас жауын, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар «Қызылорда – Қарағанды – Шідерті» тасжолының бір бөлігі жабылды. 

Нақтырақ айтқанда, Павлодар облысына қарасты Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралықта (1206-1135 шақырым) көліктің барлық түріне шектеу қойылды.