Павлодарлықтарға кешке серуендеуге шықпай тұруға кеңес беріледі
Шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала тұрғындарынан өңдеу шаралары кезінде және одан кейін бір сағат ішінде серуендеуден бас тартуды сұрайды.
Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының ақпараты бойынша, 20 мамыр күні сағат 21:00-ден бастап Химқалашық, Жағалау, Шаңғы базасы, Усолка көпірі, Усолка бөгетінде шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.