Павлодар облысында 300-ден астам тұрғын SMS арқылы көпбалалы отбасыларға жәрдемақы ресімдеді

Павлодар облысында 300-ден астам тұрғын SMS арқылы көпбалалы отбасыларға жәрдемақы ресімдеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Проактивті формат Мемлекеттік қызметтерді алудың ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Асылбек Сапарбектің мәлімдеуінше, 2024 жылдың басынан бері өңірдің 300-ден астам тұрғыны ХҚКО-ға жүгінбей, көпбалалы отбасы үшін жәрдемақы ресімдеді. 

Естеріңізге сала кетейік, көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу 2022 жылдың соңынан бастап қолжетімді болды. Төртінші немесе одан да көп баланы дүниеге әкелген әйелдер үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. Ол үшін тек SMS-хабарлама арқылы келісім беру қажет. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде тартылады. Электрондық үкімет порталы арқылы мобильді азаматтар базасында тіркелу проактивті қызметті алудың міндетті шарты болып табылады.

– Бұрын жәрдемақыны рәсімдеу үшін құжаттар пакетін жинап, халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну талап етілді. Жәрдемақы тағайындау өтініш берілген күннен бастап жүзеге асырылды. Енді төртінші және одан кейінгі балалар дүниеге келген кезде әйел бір жарым жасқа дейінгі туу туралы куәлікті және туу және күтім бойынша жәрдемақыны ғана емес, сонымен қатар көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны ресімдеу ұсынысымен SMS алатын болады, – деді Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының директоры Асылбек Сапарбек.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Павлодар облысында он мыңнан астам көпбалалы отбасы жәрдемақы алады. Олардың қатарында алты және одан да көп бала тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған отбасылар бар.