Павлодар облысында 4 наурызда бұрқасын мен көктайғақ болады

Павлодар облысында 4 наурызда бұрқасын мен көктайғақ болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде жауын-шашын түсіп, кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 20:00-ден 4 наурыз сағат 20:00-ге дейін аймақта дауылды ескерту жарияланды.

4 наурыз күні күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады деп болжануда. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман түсуі ықтимал.