Павлодарда Көлік вице-министрі тұрғындармен кездеседі

Павлодарда Көлік вице-министрі тұрғындармен кездеседі
Фото: primeminister.kz

Өңір тұрғындары көлік саласына қатысты өзекті мәселелерді көтере алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

27 қарашада Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Жиында Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады. Тұрғындар салаға қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізе алады.

Кездесу сағат 11:30-да Академик Сәтбаев көшесі, 104 мекенжайында орналасқан С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өтеді.

Іс-шараға өңір тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.