Екібастұздың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды

Екібастұздың кейбір тұрғын үйлерінде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2 сәуір күні сағат 9:00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейін (болжамды уақыт – 17:00-ге дейін), Беркімбаев көшесі, 102-үй бойынша ағымдағы жөндеу жүргізуге байланысты келесі мекенжайлар бойынша суық және ыстық сумен жабдықтау өшіріледі:

  • №13 балабақша; 
  • №14 балабақша;
  • Әуезов көшесі, 89, 89 «А», 91, 91 «А», 91 «Б», 93, 95, 97;
  • Беркімбаев көшесі, 84, 86, 90, 92, 102, 104/2, 106, 112.