Павлодар облысында аптаның аяғына дейін +35 градус ыстық болады

Павлодар облысында аптаның аяғына дейін +35 градус ыстық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 18 маусымда түнде жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +20...+25°С көрсетеді. 

19 маусымда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+15°С, ал күндіз +18...+23°С болады. 

20 маусымда сынап бағанасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +23...+28°С көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін соғады. 

21 маусым күні жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +30...+35°С ыстық болады. 

Сенбі және жексенбі күндері сынап бағанасы түнде +15...+20°С, ал күндіз +30...+35°С-ты көрсетеді.