Екібастұзда жылу желілерінде былтырға қарағанда зақым аз анықталды

Екібастұзда жылу желілерінде былтырға қарағанда зақым аз анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кеншілер қаласының басшысы Аян Бейсекин анықталған зақымдарды жою бойынша жүргізілетін жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Жаңа жылыту маусымына дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі – гидравликалық сынақтар. Жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына жүргізілген гидравликалық сынақтардың төрт кезеңінің қорытындысы бойынша 203-ке жуық зақым анықталды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда екі есеге аз, – деді Аян Бейсекин.

Бүгінгі таңда 148 зақым жойылды. Бір апта ішінде ыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстарды аяқтауды жоспарланып отыр. 

Барлығы шамамен 400 көп қабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілді. №№ 1, 3 магистральдік желілерін реконструкциялау және ішкі жылумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту жүргізілетін бірқатар үйлерді қоспағанда қалғандарын келесі апта ішінде қосу жоспарланып отыр.