Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Өңірде көктайғақ пен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 желтоқсан күні өңірдің батысында және солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ Павлодар қаласында 24 желтоқсанда жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі.