Келесі жылы Железин ауданында көппәтерлі үйлер арта түседі

Келесі жылы Железин ауданында көппәтерлі үйлер арта түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аудан әкімі құрылыс саласындағы нәтижелермен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 36 пәтерлі тұрғын үйдің және екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Былтыр халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 24 пәтерлі тұрғын үй тапсырылған болатын. 

Келесі жылы екі пәтерлі бір тұрғын үй және 24 пәтерлі үй салу жоспарда бар. 

Айта кетейік, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы Ақтау және Мыңкөл ауылдарында сәтті жүзеге асырылды. Березовка негізгі мектебіне күрделі жөндеу, Ақтаудағы жалпы ұзындығы 3,2 шақырым үш көшеге орташа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 1,4 шақырымдық Мыңкөл кіреберіс жолы реттелді. Мыңкөл медициналық пункт пен мектептегі спорт залының құрылысы аяқталды.

2026 жылы Мыңкөл, Петропавловка ауылдарына кірме жолдарын, Железин ауылында 5,2 шақырымдық 7 көшесінің орташа жөндеуі, Уәлиханов ауылындағы 4 көшені жөндеу жоспарланған.