Павлодар облысында республикалық тасжолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жазғы дөңгелекпен жабдықталған көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Павлодар облыстық филиалы мен «ҚАЖсервис» ЖШС мәліметінше, 23 қазан күні сағат 21:00-ден бастап өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаскелерінде жазғы дөңгелегі бар көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынды.
Шектеу көктайғақ, жабысқақ қар және ауа температурасының төмендеуіне байланысты енгізілді.
Жол қызметтері жүргізушілерден әзірге сапарға шықпауды және қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Қозғалыс шектеуін 24 қазанда сағат 6:00-де ауа райы жақсарған жағдайда алып тастау жоспарланып отыр.