Павлодарда Қамзин көшесіндегі бірқатар үйде ауызсу уақытша өшіріледі

Павлодарда Қамзин көшесіндегі бірқатар үйде ауызсу уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға алдын ала су қорын жинап алу ескертіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, «ПФК Гордорстрой» ЖШС Қамзин көшесі, 41 мекенжайындағы тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты мердігер ұйымның өтініші бойынша 26 қазан сағат 23:00-ден 27 қазан сағат 6:00-ге дейін ауызсу беру тоқтатылады.

Сусыз қалатын мекенжайлар тізімі:

  • Камзин көшесі: 41, 41/2, 49, 49/10, 49А, 49Б, 49В, 51, 51/1, 51/2, 56, 58, 58/1, 58/2, 60, 62, 62/1, 62/1 А, 64, 64/1, 64/2, 64/3, 64/4, 66, 68, 70, 70/1, 72, 72/1, 74.

Коммуналдық қызмет өкілдері аталған мекенжайда тұратын азаматтардан қажетті су қорын жинап алуды сұрайды.