Ақсуда әйел адам жоғалып кетті

Мәдина Шәріпова 1982 жылы 21 қарашада дүниеге келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, 2025 жылы 26 ақпан күні Желтоқсан көшесі, 5 мекенжайынан шығып, белгісіз бағытта кеткен. Бүгінгі күнге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Байланысқа шықпайды.
Бойы 160 см, көздері мен шашы қара.
Әйел адамды көрген адамдар болса, 8 (747) 615 55 63 (Катерина), 8 (777) 334 82 01 (Светлана) және 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.