Павлодарда 5 наурызда бірқатар көшеде су өшіріледі
Жаңа су құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін бірқатар тұрғын үйлерде су беру уақытша тоқтатылады:
- Толстой көшесі 84;
- Назарбаев даңғылы 59/1, 59/2, 59/2А, 65, 65А, 69/9, 71, 81;
- Естай көшесі 89, 89А;
- Бекмаханов көшесі 115, 115Б, 115/1, 115/2, 115/8, 115/10, 115/13, 115/17, 115/18.
Жауапты қызмет өкілдері аталған жұмыстар тұрғындарды сумен қамтуды жақсарту мақсатында жүргізілетінін айтып, тұрғындардан алдын ала су қорын жинап қоюды сұрады.