Павлодардың бірқатар тұрғын үйлері жарықсыз қалады

Павлодардың бірқатар тұрғын үйлері жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Гурьевская көшесі, 1-24;
  • Комсомольская көшесі, 1-24;
  • Ак. Шөкин көшесі, 105 – «Арман» сауда үйі, 109 – «Legatto» – кондитерлік цехі, 139 – «Toraighyrov» университетінің металлургия, машина жасау және көлік факультеті;
  • Ломова көшесі, 64 – «Toraighyrov» университеті;
  • Айманов көшесі, 9 – «Мираж» дүкені, 9/1 – «Мирас» дүкені, 17.