«Ertis» хоккей клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

«Ertis» хоккей клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
Ольга Бугаеваның иллюстрациялық фотосуреті

Команданы жаңа маусымда Владимир Оленченко жаттықтырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Клубтың мәліметінше, жаңа бас бапкердің жас хоккейшілермен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар және павлодарлық хоккейдің ерекшелігін жақсы біледі. Жаңа маусымда команда оның жетекшілігімен өз тәрбиеленушілерін дамытуға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге басымдық бермек.

Сондай-ақ бас бапкердің көмекшісі болып Вячеслав Нечвиенко тағайындалды. Бұған дейін ол бірнеше маусым бойы «Ertis» хоккей клубының қақпашысы ретінде өнер көрсеткен.

Клуб басшылығының айтуынша, жаңа жаттықтырушылар штабы команданы алдағы чемпионатқа дайындаумен айналысады.